06.09.2016, 10:32 2550

Батыс Қазақстан облысында 2016 жылы агробизнесті дамытуға республикалық бюджеттен 7 миллиард теӊге бөлінген

"Жаһандық экономикалық дағдарыстыӊ басында қабылданған президенттік "Нұрлы Жол" бағдарламасы - әлемде теӊдесі жоқ бағдарлама. Соӊғы екі жылда бағдарламаныӊ жүзеге асуына 1,5 триллион теӊге бөлінген. Жергілікті партия ұйымыныӊ басты мақсаты - бөлінген қаржыныӊ уақытылы әрі сапалы игерілуін қадағалау",- деді М.Құл-Мұхаммед.

Орал. 6 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мұхтар Құл-Мұхаммед жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді. "Нұр Отан" партиясы Төрағасыныӊ Бірінші орынбасары өӊірде маӊызды мемлекеттік бағдарламалардыӊ іске асу барысымен танысты, деп хабарлады өӊір әкімдігініӊ баспасөз қызметі.

Мемлекеттіӊ қолдауымен ісі өрге басқан қос шаруа қожалығында және жиһаз фабрикасында болып, еӊбек ұжымымен кездесті. Президенттік бағдарламамен бой көтерген баспана құрылысын тексеріп, Батыс аймағындағы белсенді партия мүшелелерініӊ алдына болашақта жасалуы тиіс жұмыстардыӊ басым бағыттарын айқындап берді.

2016 жылы Батыс Қазақстан облысында агробизнесті дамытуға республикалық бюджеттен 7 миллиард теӊге бөлінген. Мұхтар Абрарұлы мемлекеттіӊ қомақты қаржы жұмсауыныӊ тиімділігін "Матевосян" және "Шканов" шаруа қожалығыныӊ мысалында бағалай алды.

"Нұр Отан" партиясы Төрағасыныӊ Бірінші орынбасары ҚХР-да өтіп жатқан G20 саммиті барысында Мемлекет басшысы әлемніӊ алпауыт елдерініӊ көшбасшыларымен кездесіп, Қазақстанға миллиардтаған инвестиция тарту бойынша келісімге қолжеткізгенін атап өтті.

"Қытай елініӊ көшбасшысы қол қойған тек 4 келісім бойынша біздіӊ елге қомақты қаржы тартылады. Осы қаржыныӊ барлығы елдіӊ дамуына бағытталады. Бұдан бөлек, жыл сайын бизнесті қаржыландыруға бірқатар бағдарламалар аясында қомақты қаржы бөлінуде. Батыс Қазақстан өӊірі агробизнесті дамытуға тамаша мүмкіндіктерге ие",- деп атап өтті Мұхтар Құл-Мұхаммед.

"Бұл өӊірдіӊ жері құнарлы. Қараӊыздар, тек бір қожалықтыӊ егістік алқабында бірден - бидай, күнбағыс, көкөніс және тағы да басқа дәнді-дақылдар өсуде. Астық алқабыныӊ әр гектарынан 50 центнер бидай жиналады. Бұл абсолюттік рекорд. Аймақтыӊ аумағы бойынша суы мол, арнасы кеӊ Жайық өзені ағуда. Сондай-ақ, өӊірде қолжетімді электр қуаты, арзан көгілдір отын бар. Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасымен егін және мал шаруашылығыныӊ барлық саласына қомақты субсидиялар бөлінуде. Іргесінде өнімді өткізетін үлкен нарық - ешқандай кедендік кедергілер жоқ Ресей елі тұр. Тек қана ерінбей, жеӊді түре іске сыбана кірісу керек", - деді Мұхтар Құл-Мұхаммед шаруалармен өткен кездесу барысында.

Партия Төрағасыныӊ Бірінші орынбасары облыстыӊ дамуына өлшеусіз үлес қосып отырған маӊызды бағыттардыӊ бірі "Бизнестіӊ жол картасы 2020" бағдарламасыныӊ іске асу барысымен танысты. Аталмыш бағдарлама аясында өткен жылы Орал қаласында жиһаз фабрикасы іске қосылған. Жобаға миллиардтан астам қаржы жұмсалған. Қазіргі күні қарқынды жұмысқа кіріскен кәсіпорын 14 мыӊ бірлік жиһаз өндірген.

Кәсіпорынныӊ еӊбек ұжымымен өткен кездесуде Мұхтар Құл-Мұхаммед аймақта бизнес-бастамаларды жандандыру қажеттігіне тоқталды.

"Елімізде 2010 жылдан бастап президенттік "Бизнестіӊ жол картасы 2020" бағдарламасы табысты жүзеге асып келеді. Республика бойынша жалпы құны бір жарым триллион теӊгені құрайтын 8,5 мыӊнан астам жоба іске қосылған. 10 жыл бұрын Қазақстанныӊ барлық бюджет көлемі осы сомаға парапар болатын. Осы фабрика "Бизнестіӊ жол картасы 2020" бағдарламасыныӊ арқасында салынған. Елімізде бизнесті ашу және дамытуға арналған бірегей мүмкіндіктерді пайдалану қажет. Бизнес ашыӊыздар, өздеріӊіз және жерлестеріӊіз үшін ақша табыӊыздар", - деді "Нұр Отан" партиясы Төрағасыныӊ Бірінші орынбасары.

Батыс Қазақстан облысында "Нұрлы Жол" бағдарламасы аясында баспана құрылысы қарқын алған. Мұхтар Құл-Мұхаммед "Арман" шағын ауданында жақын арада пайдалануға берілуі тиіс 144 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйдіӊ құрылыс сапасын тексерді.

"Жаһандық экономикалық дағдарыстыӊ басында қабылданған президенттік "Нұрлы Жол" бағдарламасы - әлемде теӊдесі жоқ бағдарлама. Соӊғы екі жылда бағдарламаныӊ жүзеге асуына 1,5 триллион теӊге бөлінген. Қомақты қаржы жаӊа зауыт, фабрика, автокөлік және теміржол жолдарыныӊ құрылысына және әлеуметтік инфрақұрылымды жаӊғыртуға жұмсалған. Бұл тұрғын үй де президенттік бағдарлама аясында бой көтерген. Жергілікті партия ұйымыныӊ басты мақсаты - бөлінген қаржыныӊ уақытылы әрі сапалы игерілуін қадағалау", - деп баса айтты партия Төрағасыныӊ Бірінші орынбасары жұмыс сапарыныӊ қорытындысы бойынша.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны