16.07.2008, 19:25 3165

Батыс Қазақстан облысында бірінші жартыжылдықта бюджет қаражаты 94,8 пайызға игерілген

Батыс Қазақстан облысында бірінші жартыжылдықта бюджет қаражаты 94,8 пайызға игерілген

Орал. 16 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Батыс Қазақстан облысында бірінші жартыжылдықта бюджет қаражаты 94,8 пайызға игерілген. Бұл ретте 2,5 млрд теңге игерусіз қалған. Бұл туралы бүгін өңірдің бюджеттік ұйымдарының есепшілерімен өткізілген жиналыста облыстық қазынашылық департаментінің директоры Дархан Қуанышев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Бұл ретте Д. Қуанышев бюджет қаражатын өз деңгейінде игермеу ведомстволардың қол астындағы мекемелердің бюджеттік бағдарламалардың әкімгерлерінің тарапынан тиісті дәрежедегі үйлестірушіліктің болмауынан туындағанын атап өтті. "Біз бұны ағымдағы жылдың алғашқы жартысындағы бюджеттің орындалуына мониторинг жасау барысында анықтадық", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны