09.06.2008, 15:30 3050

Батыс Қазақстан облысында болған дауыл 800 млн теңгенің шығынын келтірді - әкім

Батыс Қазақстан облысында болған дауыл 800 млн теңгенің шығынын келтірді - әкім

Астана. 9 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Батыс Қазақстан облысында болған дауыл 800 млн теңгенің шығынын келтірді. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Махамбет ауданына дауыл келтірген шығын көлемі 800 млн теңгені құрайды", -деді әкім.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 28 мамырда Махамбет ауданында 30 минутқа жуық жаңбырға қоса дауыл соқты. Желдің күшімен 200 ғимараттың, соның ішінде үйлер, мектептер мен әкімшілік ғимараттардың шатыры жұлынған. Сондай-ақ, зілзала электр жалғастыру желілерінің бетон бағандарын құлатып, газ қамтамасыздығы мен телефон кабелі жүйелерін зақымдаған. Сонымен бірге, желден жуырда пайдалануға берілуге тіис әлеуметтік нысандар зардап шекті.

Қуанышқа қарай адам шығыны болған жоқ, билік зардап шеккендерге көмек көрсетуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны