28.08.2009, 15:03 3064

Батыс Қазақстан облысында егін шықпай қалу салдарынан келген шығын көлемі 11 млрд теңгені құрайды - ауылшаруашылық басқармасы

Батыс Қазақстан облысында егін шықпай қалу салдарынан келген шығын көлемі 11 млрд теңгені құрайды - ауылшаруашылық басқармасы

Орал. 28 тамыз. Kazakhstan Today - Батыс Қазақстан облысында егін шықпай қалу салдарынан келген шығын көлемі 11 млрд теңгені құрайды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне облыстық ауылшаруашылығы басқармасының егін шаруашылығы бөлімінің бастығы Николай Зинченко хабарлады.

"Біздің дихандар биылғы қуаңшылық салдарынан 11 млрд теңгенің шығынына ұшырады", - деді Н. Зинченко.

Оның айтуынша, биылғы қуаңшылық салдарынан түсімнің 65% жарамсыз болды. "Астық дақылдарының 65%, немесе 334 мың гектардағысы жарамсыз болып қалды. Енді 249 мың гектардан түсім жиналады", - деді ол.

Ақжайық, Қаратөбе, Сырым, Қазталов, Шыңғырлау аудандарындағы астық шықпай қалған.

Бүгінгі күні сақтандыру компаниялары егістік алаңдарын аралап тексеруде. "Жалпы алғанда облыс бойынша 572 тауар өндіруші өз егістік алаңдарын егін шықпай қалу жайттарынан сақтандырған. Сақтандыру компаниялары қазіргі жағдаймен 60 млн теңге көлемінде сақтандыру өтемақыларын төледі", - деді бөлім бастығы.

Бүгінгі күні облыс бойынша орташа шығымдылық бір гектардан 4 центнерді құрайды. Н. Зинченконың осы орайда хабарлауынша, "биылғы түсімнің сапасы жақсы. Тіпті күздік дақылдардың өзі 26 - 27%, ал жаздық дақылдар - 30 - 31% желімтік берді".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны