14.08.2008, 17:20 3159

Батыс Қазақстан облысында газ турбинасы станциясының құрылысы аяқталысымен электр қуатының бағасын ұстап тұруға мүмкіндік туады

Батыс Қазақстан облысында газ турбинасы станциясының құрылысы аяқталысымен электр қуатының бағасын ұстап тұруға мүмкіндік туады

Орал. тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Батыс Қазақстан облысында газ турбинасы станциясының құрылысы аяқталысымен электр қуатының бағасын айтарлықтай дәрежеде ұстап тұруға мүмкіндік туады. Бұл туралы 13 тамыздағы баспасөз мәслихатының барысында Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Қуаты 40 - 50 МВт болатын газ турбиналық электр станциясының құрылысы аяқталысымен электр қуатының бағасын айтарлықтай дәрежеде ұстап тұруға мүмкіндік туады. Бұл басқарылатын баға болады", - деді Б. Ізмұхамбетов.

Газ турбиналық станцияның құрылысы 2009 жылдың І жартысында аяқталады деп жоспарланып отыр. Станцияға газды Чинарев кен орнынан "ЖайықМұнай" компаниясы жеткізетін болады.

Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысы электр қуатының көп бөлігін Ресейден сатып алады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны