21.12.2007, 17:05 2793

Батыс Қазақстан облысында химиялық комбинат салу жобасын жүзеге асыру үшін ұзақ мерзімді келісім-шарт қажет

Батыс Қазақстан облысында химиялық комбинат салу жобасын жүзеге асыру үшін ұзақ мерзімді келісім-шарт қажет

Орал. 21 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Батыс Қазақстан облысында химиялық комбинат салу жобасын жүзеге асыру үшін ұзақ мерзімді келісім-шарт қажет, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыстық өнеркәсіп және кәсіпкерлік департаментіне сілтеме жасап.

"Батыс Қазақстан облысында химиялық комбинат салу жөніндегі серпінді жобаны жүзеге асыру үшін жылына 500 млн текше метр газды белгілі бір бағаға сату жөніндегі ұзақ мерзімді келісім-шарт қажет", -дейді департаменттегілер.

Департаменттің мәліметінше, химиялық комбинат салу жобасы 186 млн долларға бағаланып отыр. Жобада жылына 400 мың тонна аммиак, 500 мың тонна карбамид, табиғи газдан 50 мың тонна натрий цианидін өндіретін химиялық комбинат салу қарастырылған.

Департаменттегілердің хабарлауынша, қазіргі жағдаймен жобаның техника-экономикалық негіздемесі жасалып, техникалық аудит жүргізіліп, жабдық сатушылар мен өнімді сатып алушылар айқындалып, шетелдік инвесторлармен жобаны қаржыландыру жөніндще уағдаластық жасалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны