14.08.2008, 16:16 2571

Батыс Қазақстан облысында тұрақтандыру қорына 12 мың тонна астық жинау жоспарланған

Батыс Қазақстан облысында тұрақтандыру қорына 12 мың тонна астық жинау жоспарланған

Орал. 14 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Батыс Қазақстан облысында ағымдағы жылдың түсімінен тұрақтандыру қорына 12 мың тонна астық жинау жоспарланған. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов баспасөз мәслихатында құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Бақтықожа Ізмұхамбетовтың айтуынша, осы жөнінде Азық-түлік келісім-шарты корпорациясымен және ҚР Ауылшаруашылығы министрлігімен алдын-ала келісілген. Біздің ауылшаруашылығы тауарын өндірушілер бұл туралы біледі. Бұл тұрғыда тауқымет болады деп ойламаймын", -деді БҚО әкімі.

Астықты сатып алу механизміне қатысты мәселе қазір шешілу үстінде, ал астықты сақтау мәселесіне келсек, облыста 12 астық қабылдау орны бар.

Икімнің айтуынша, өткен жылы 12 мың тонна көлемінде тұрақтандыру қорын құру нәтижесінде әлеуметтік нанның бағасын 43-45 теңге көлемінде сақтауға мүмкіндік туып отыр.

Бүгінде астық түсімінің 40% жиналды. Орташа шығымдылық бір гектардан 12,8 центнерді құрайды. Ағымдағы жылы барлығы 542 мың гектарға егін егілген. Күздік дақылдар толық жиналды, оның шығымдылығы бір гектардан 13,9 центнерді құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны