17.06.2019, 20:15 8357

Батыс Қазақстан облысында "Іскерлік климат - 2018" жобасы шеңберінде бизнес саласында жүргізілген әлеуметтік сауалнаманың қорытындысы жарияланды

Сауалнама нәтижесінде анықталғандай, сыбайлас жемқорлық факторларына көп жағдайда кәсіпкерлердің өздері бастамашы болады екен. Бұл ретте олар мемлекет тарапынан тегін көрсетілетін қызмет үшін пара ұсынатын көрінеді.

Орал. 17 маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Батыс Қазақстан облыстық департаменті "Ақжайық - адалдық алаңы" жобалық кеңсесімен бірлесе отырып "Іскерлік климат - 2018" жобасы шеңберінде бизнес саласында жүргізілген әлеуметтік сауалнаманың қорытындысын жария етті. Белгілі болғанындай, тұрмыстық сыбайлас жемқорлық деректері барлық дерлік салада бар болып шықты, ал сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттеріне мемлекеттік органдардың өкілдері де, олардың қызметтерін тұтынушылар да тең дәрежеде бастамашы болатыны белгілі болған. Сыбайлас жемқорлық схемаларына жүгіну себептерін атай отырып, сауалнамаға қатысушылар талаптар санының көптігін, тексерулердің жиілігін және кәсіпкерлердің жауапкершіліктен жалтару ниетін алға тартқан.

Болат Исақов, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Батыс Қазақстан облыстық департаментінің басшысы: "өңірлік тілікте алатын болсақ, Алматы, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Түркістан облыстарында параның барынша өсуі байқалып отыр. Батыс Қазақстан облысында тіркелген орташа пара мөлшері 750 мың теңгені құраған. Бұл орайда аса ірі көлемдегі пара тіркелген құрылымдардың арасында экономикалық тексерулер қызметі мен монополияға қарсы күрес қызметі аталған".

Сауалнама нәтижесінде анықталғандай, сыбайлас жемқорлық факторларына көп жағдайда кәсіпкерлердің өздері бастамашы болады екен. Бұл ретте олар мемлекет тарапынан тегін көрсетілетін қызмет үшін пара ұсынатын көрінеді. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Батыс Қазақстан облыстық департаментінің басшысы атап өткендей, "сыбайлас жемқорлық Сәулет және қала құрылысы, Жер қатынастары және мемлекеттік сәулетшілік бақылау басқармаларында жиі таралған.Құрылыс, жер қатынастары, құрылыс немесе қайта жобалау, жер телімін алу, олардың мақсатын өзгерту және тәркілеп алу мәселелері сыбайлас жемқорлыққа барынша душар болу қаупі бар салалар болып табылады ".

Сыбайлас жемқорлыққа душар болу қаупі ең аз салаларға респонденттер салық органдары мен өрт сөндіру қызметін жатқызған. Бірінші кезекте бұл саладағы үдерістердің барынша автоматтандырылуымен түсіндіріледі. Бүгінгі күні салық органдары ұсынатын қызметтердің 95%-дан астамы электрондық түрде ұсынылады. Бұл сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісін азайту ісінде аса маңызды факторға цифрландыру жататынын тағы бір рет дәлелдесе керек.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны