15.11.2011, 16:08 3649

Бау-бақшалар мен жүзімдіктер алқабын 58 мың гектарға дейін кеңейту ішкі нарықтың сұранысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді

"Тұтынылатын өнеркәсіптік өңдеуден өтпеген жеміс-жидектер импортының үлесі орташа есеппен 48 пайызды құрайды, ал өңделген күйінде - 93 пайыздан асып жығылады",- деп нақтылап өтті АШМ.

Астана. 15-қараша. Kazakhstan Today - Бау-бақшалар мен жүзімдіктер алқабын 58 мың гектарға дейін кеңейту ішкі нарықтың сұранысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР Ауылшаруашылық министрлігіне сілтеме жасай отырып.

АШМ ақпараттарына сүйенсек, еліміз бойынша жыл сайынғы жеміс-жидек тұтыну көлемі 629 мың тоннаны құрайды. Ал соның ішінде 36,5 пайызын (230 мың тонна) өнеркәсіптік өңдеуден өткен түрінде тұтынады. "Тұтынылатын өнеркәсіптік өңдеуден өтпеген жеміс-жидектер импортының үлесі орташа есеппен 48 пайызды құрайды, ал өңделген күйінде - 93 пайыздан асып жығылады",- деп нақтылап өтті АШМ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны