30.06.2017, 18:33 10858

Бауыржан Байбек қала тұрғындарыныӊ игілігі үшін жүзеге асырылып жатқан 7 жоба жайлы баяндады

VI Инновациялық форумныӊ басты тақырыптары - Индустрия 4.0 концепциясы, сандық экономика және Smart City технологиясын енгізу.

Алматы. 30 маусым. Kazakhstan Today - Бүгін Алматыда Анлиядан, Израиль мен АҚШ-тан, Даниядан келген сарапшылар, мемлекеттік органдар басшылары, бизнес -қоғамдастық, ҮЕҰ-дар өкілдері қаланыӊ барынша маӊызды мәселелерін шешуде инновациялық технологияны ұтымды қолдану жолдарын талқылайды. VI Инновациялық форумныӊ басты тақырыптары - Индустрия 4.0 концепциясы, сандық экономика және Smart City технологиясын енгізу.

Қала әкімі Бауыржан Байбек өзініӊ сөзінде Мемлекет басшысыныӊ тұрақты қолдауы арқасында Тәуелсіздік жылдары Алматыныӊ шикізаттық емес экономикасы бар ірі мегаполиске айналғанын, бизнес пен жеке капитал қаласы әрі өӊірлік индустриялық және инновациялық хаб екенін айтты.

"Бүгінгі күні нарықтағы жаһандық бәсеке барысында жетекші мегаполистер сервистік қаладан инновациялық смарт-ситиге өтуде. Smart Almaty концепциясына негізінен экономика, экология және қоғам мүдделерін теӊестіру еніп отыр. Илемдегі үздік тәжірибелер мен қала тұрғындарыныӊ талабы барысында біз басты бағыттарды анықтадық. IDC халықаралық компаниясымен бірге Алматыда "Ақылды қала" деӊгейінде кешенді сараптама жүргіздік, нәтижесінде әлсіз аймақтар анықталды, сонымен қатар мәселелерді жүйелі түрде шешетін 7 базалық жоба жасалды. Дегенмен, біз тек сандық технологияны ғана енгізуді мақсат етпейміз."Ақылды қала" - түрлі ұтымды технология және бұқара мен биліктіӊ өзара түсіністік мәдениеті. Технология - бұл басқару процестері арасындағы ынтымақтастықты жақсарту, тиімділікті арттыру. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: "Қанымызға сіӊген көптеген дағдылар мен таптаурын болған қасаӊ қағидаларды өзгертпейінше, біздіӊ толыққанды жаӊғыруымыз мүмкін емес", -деген еді. Сондықтан біз өзгерістерге, түрлі креативті идеяларды енгізуге, осы жолда бірігіп алға жылжуға дайынбыз", - деді мегаполис басшысы.

Мысалы, "Жайлы қала" жобасы арқылы Алматы машиналардыӊ емес, адамдардыӊ сүйікті қаласына айналады. Қоршаулар алынып тасталып, кеӊістіктер ұлғаяды. Қала тұрғындарымен бірігіп жүргінші көшелерініӊ, саябақтар мен скверлердіӊ, трамвай депосын қайта түлетудіӊ және басқалардыӊ алғашқы эскиздері жасалды. Мұндай вектор қала тұрғындарыныӊ кеӊінен қатысуымен және халыаралық сарапшылардыӊ ұсынуымен "Алматы 2020" бағдарламасы аясында қабылданды. Бұл тәжірибені БҰҰ-ныӊ Экономикалық Комиссиясы мен Илеуметтік Кеӊесі Азия және Тынық мұхит өӊіріндегі елдер үшін еӊ үздік ретінде атап өтті.

Қалада ауқымды көлік реформасы да жалғасын табуда. Тасымалдыӊ ашықтығын қамтамасыз ету үшін көліктіӊ ақы төлеу картасы енгізілді, осындай 1,3 млн. карта сатылды, бұл халықтыӊ 70%-ы. Көлік қозғалысы бөлігін жеӊілдету мақсатында инновациялық паркоматтар орнатылды. Systra халықаралық кеӊесшілерімен бірге жол қозғалысын кешенді өзгерту жүйесі қолға алынды, айрықша жолақтар пайда болды, биыл олардыӊ ұзындығы 92 шақырымға жетеді. BRT құрылысы басталды, жаӊа қолайлы автобустар сатып алынды. Орбитадан Көкбазарға дейін ұзындығы 21 шақырым болатын велодәліз жасалады, велсипедті жалға беретін Almaty Bike жүйесі жұмыс істеуде, қазір мұндай 50 бекет бар, қазан айыныӊ соӊына дейін олардыӊ саны 150-ге жетеді.

Мемлекеттік құрылымныӊ ашықтығын қамтамасыз ету үшін "Open Almaty" атты пилотты жоба енгізілді, мұнда әрбір сауал өмірлік маӊызды жағдай ретінде қаралады. Қазіргі кезде қабылдау онлайн арқылы жүруде, күзде қосымша колл-орталықтар мен әкімдіктіӊ фронт-офисі ашылады. "Бір терезе" қағидасы бойынша әкімдік пен құқыққорғау құрылымдарыныӊ қызметкерлері адамдарды қабылдайды. Келесі бағыт - тұрғындарға қолжетімді сервис. Тәжірибе көрсеткеніндей, ПИК-тердіӊ келеӊсіз жұмыстары туралы 2 мыӊнан астам шағым түседі екен. Бүгінгі күні алматылық "ПИК порталы" жұмыс істей бастады, мұнда ПИК-тердіӊ мекенжайлары, нормативті құжаттар, көмекші нұсқаулар жарияланған. ПИК-тердіӊ бюджет шығындарыныӊ жұмсалу ережесі, жөндеу жұмыстары мен басқа да тарифтер, бос алаӊдарды жалға беру , адами капитал, жылу маусымына дайындық мәселелері де жария етілген. "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заӊға қатысты айтылған ұсыныс- пікірлер де осында.

"Ашық бюджет" жобасында мекемелердіӊ қаншпалықты шығын жұмсағандықтары туралы ашық мәліметтер бар және қала тұрғындары өзекті мәселелерді де біліп отырады. Ал бұл инвесторларға бюджетті саралауға, қаржыныӊ қалалық жобаларға бөлінгенін білулеріне мүмкіндік жасап, МЖИ қағидаларын өз жағдайына жасауға ықпал етеді.

Жекелеген мемлкеттік органдар мен шенеуніктердіӊ ақпараттық монополясын бұзу үшін Big Data жүйесі жасалды. Мысалы, Алматы Басжоспар порталында қажетті түрлі мәліметтер жаряиланған, мұнда қызыл жолақтарды, жылу және электр жүйелерініӊ қуатын, сумен қамтамасыз етіуді, жалпы бәрін көруге болады, осыныӊ арқасында инженерлік жобаларды жасау 2 есге қысқарды.

Қала әлеуетін арттырудыӊ басты бағыттарыныӊ бірі қауіпсіздікті күшейту. Алматыда қылмыстыӊ алдын алу мен мониторинг жүргізудіӊ цифрлы жобасыныӊ енгеніне 5 жыл. Видеофиксация камереларыныӊ арқасында қоғамдық орындардағы ұрлық едәуір қысқарды, 2 миллионнан астам ЖКО белгілі болды. Үш жыл қатарынан қала мектептерінде видео-фиксация жүйесі жұмыс істейді. МЖИ негізінде сервисті контрактті бала бақшаларға енгізу де жоспарланған.

Қала әкімі Бауыржан Байбек өзініӊ сөзінде бүгінгі күні Алматыныӊ өӊірлік магнит, қаржы және туристік орталық екенін айтты. Жоғары біліми және ғылыми тартымдылық, қала кеӊістігініӊ жайлылығы қаржы және адами капиталды өзіне қызықтырады. Worldwide Cost of Living таяуда жарияланған рейтингі Алматыны адамдар үшін барынша жайлы, арзан әрі тартымды қала деп атап өтті.

Алматы - жастардыӊ және жаӊа идеялардыӊ қаласы.

Мегаполисте инновациялық шешімдер үшін жақсы инфрақұрылым қалыптасқан. Мұнда 80-нен астам ғылыми- зерттеу институттары,140 мыӊнан астам студенттер білім алатын ел университеттерініӊ үштен бірі орналасқан. Елдіӊ ғылыми шығындарына кететін қаржыныӊ 40%-ы біздіӊ қалаға тиесілі.

Алматы - бизнес пен жеке капитал қаласы, өӊірлік индустриялық және инновациялық хаб. Бүгінгі күні экономиканыӊ 80%-ын сауда мен қызмет көрсету құрайды. ЖӨӨ-ніӊ үштен бір бөлігін жұмыс істейтін 10 адаманыӊ 7-ін қамтыған шағын және орта бизнес беруде. Қаланыӊ бір тұрғынына шаққанда ЖӨӨ 17,5 мыӊ долларды құрайды. Қалада халықаралық ұйымдар мен трансұлттық компаниялардыӊ 60- тан астам кеӊселері орналасқан.

БҰҰ-мен бірігіп Өӊірлік Хабты ашу жөніндегі жұмыс келер жылдыӊ күзінде жүзеге асады. Ұлттық банк, қазақстандық және шетелдік жетекші банктердіӊ бас кеӊселері де Алматыда. Олар несиелік қолжетімділікті қамтамасыз етуде. Мысалы, еліміздіӊ несие қоржыныныӊ 63% -ы Алматыда берілген. Оныӊ 3 млрд. доллары ШОБ несиесі.

Алматы әкімі индустриялық және инновациялы экономикада адами капиталдыӊ басты рөл атқаратынын айтты. "Алматылықтар креативті, олардыӊ бойында кәсіпкерлік рух дамыған, олар бизнесті жасай алады. Қала тұрғындары- біздіӊ басты бәсекелестік артықшылығымыз", - деді Б.Байбек.

VI Инновациялық форум барысында белгілі тақырыптар бойынша таныстырылымдар мен талқылаулар өтуде, кастерлерді, технопарктерді жаӊарту мен дамыту бойынша кейстер қаралуда, ақылды қалалар мен сандық телекоммуникациялардыӊ өміршеӊдігі сөз болуда. Атап өтерлік жайт, биылғы форум спикерлерініӊ бірі "Ғаламтор, жасанды интеллект және робот техникасы таяудағы 10 жыл ішінде адамныӊ өмірін сапалық жағынан өзгертеді" тақырыбын ұсынатын робот.

Еске сала кетейік, Қазақстан президенті "Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Қазақстан халқына арнаған жолдауында: "Бүгін мен Қазақстанды Үшінші жаӊғырту жөнінде міндет қойып отырмын. Елдіӊ жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімніӊ жаӊа моделін құру қажет",- деді.

Бірінші басымдық - экономиканыӊ жеделдетілген технологиялық жаӊғыртылуы. Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаӊа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл - маӊызды кешенді міндет. Екінші кешенді міндет. Жаӊа индустриялар құрумен қатар дәстүрлі базалық салаларды дамытуға серпін беруіміз керек.

Бұл - өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, көлік пен логистика, құрылыс секторы және басқа салалар. Үкіметке бизнес өкілдерімен бірге 2025 жылға дейін базалық салаларды технологиялық тұрғыдан қайта жарақтандырудыӊ кешенді шараларын әзірлеуді тапсырамын,- деді Елбасы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны