13.09.2011, 17:40 3369

Бейнеу - Бозой - Ақбұлақ газ құбырына Қазақстан қосымша 12,1 млрд теңге бөледі

Бұл туралы ҚР қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті.

Астана. 13-қыркүйек. Kazakhstan Today - Бейнеу - Бозой - Ақбұлақ газ құбырының құрылысына Қазақстан қосымша 12,1 млрд теңге бөледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, бұл жөнінде бүгін үкімет отырысы кезінде ҚР қаржы министрі Болат Жәмішев 2011-2014 жылдарға арналған нақтыланған болжам сандарын баяндаған кезінде мәлімдеген.

"Үдемелі индустриялық инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде Балқаш ЖЭО құрылысы мен Алматы қаласын кеңейту жөндеу жұмыстарына қосымша 18,3 млрд теңге; Өзен - Түркіменстан шекарасы мен Қорғас - Жетіген теміржол желісінің құрылысына - 31,1 млрд теңге; кредит алу арқылы "Қазақстан темір жолы" жолаушы вагондарын сатып алуға - 15 млрд теңге көлемінде қосымша қаражат бөлу қарастырылған", - деді Б.Жәмішев.

Сондай-ақ ол машина жасау саласына 2,4 млрд теңге бөлінетінін айтып өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны