25.02.2014, 20:00 6467

"Бейнеу - Бозой - Шымкент" газ құбырының қуаттылығы жылына 10 млрд текше метрге дейін ұлғайтылады - А.Оспанов

Естеріңізге сала кетейік, жоба 2 кезеңнен тұрады. Бірінші кезең 2011-2014 жылдарды, екіші кезең 2014-2015 жылдарды қамтыған. Сонымен, 2013 жылдың қыркүйек айында "Бозой - Шымкент" учаскісінде "Бейнеу - Бозой - Шымкент" магистралды құбырды газбен толтыру ресми рәсімі Қазақстан мен Қытай мемлекеттерінің басшыларының қатысуымен өтті.

Алматы. 25 ақпан. Kazakhstan today. "Бейнеу - Бозой - Шымкент" магистралды газ құбырының құрылысының екінші кезеңінде оның қуаттылығы жылына 10 млрд. текше метрге дейін ұлғайтылады. Бұл туралы "Strategy2050.kz" АА тілшісіне берген экслюзивті сұхбатында ҚР МГМ Газ өндірісін дамыту департаментінің директоры Ақжол Оспанов мәлім етті.

"Елбасының 2009 жылдың 6 наурызындағы Жолдауы шеңберінде "Бейнеу - Бозой - Шымкент" магистралды газқұбырының құрылысы жүзеге асырылуда. Жобаның мақсаты - Қазақстанның батыс бөлігінде орналасқан кен орнындағы көгілдір отынмен еліміздің оңтүстік бөлігін қамтамасыз ету арқылы ҚР энергетикалық қауіпсіздігін қалыптастыру", - деп А. Оспанов атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, жоба 2 кезеңнен тұрады. Бірінші кезең 2011-2014 жылдарды, екіші кезең 2014-2015 жылдарды қамтыған. Сонымен, 2013 жылдың қыркүйек айында "Бозой - Шымкент" учаскісінде "Бейнеу - Бозой - Шымкент" магистралды құбырды газбен толтыру ресми рәсімі Қазақстан мен Қытай мемлекеттерінің басшыларының қатысуымен өтті.

"Қазіргі таңда газқұбырының жобалық қуаттылығы 2,5 млрд. текше метр газға жетті. Болашақта компрессорлық станцияның құрылысын есепке алғанда магистралды газ құбырының қуаттылығы жылына 10 млрд. текше метрге дейін ұлғайтылытан болады. Бүгінгі таңда "Бозой-Шымкент" учаскісінен 136 млн. текше метр көгілдір отын тасымалданды, ал, екінші кезеңді қаржыландыру аясында ағымдағы жылы Қытайдың даму банкімен несиелендіру бойынша келісімге қол қою жоспарланған", - дейді А. Оспанов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны