24.05.2013, 15:28 2897

БЭК аясында бірыңғай қаржылық қадағалау органы Қазақстанда орналасады

Бул туралы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко VI Астана экономикалық форумының "Өңірлік ықпалдастық. Бірыңғай экономикалық кеңістік құрудың шақырулары мен перспективалары" атты пленарлық отырысы барысында мәлім етті.

Астана. 24-мамыр. Kazakhstan Today - БЭК қаржылық қадағалау органы Қазақстанда орналасады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бул туралы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко VI Астана экономикалық форумының "Өңірлік ықпалдастық. Бірыңғай экономикалық кеңістік құрудың шақырулары мен перспективалары" атты пленарлық отырысы барысында мәлім етті.

"Тиімді жұмыс жасауға әлеуетті түрде қабілетті бірыңғай қаржылық институттың құрылымын жасауымыз керек, оның ішінде дағдарыс кезінде пайда болатын қаржы нарықтарындағы мәселелерге қарсы әрекет ету. Контрциклдік саясат мәселелері талқылау пәні болып табылады. Сондықтан, үш елдің президенттері қол қойған келісімдерде бірыңғай қаржылық қадағалау органы болу керектігі жазылған және ол бірыңғай орган Қазақстан Республикасының аумағында орналасуы тиіс. Бұл біз үшін міндетті одан да маңызды етеді", - деді Григорий Марченко.

Сонымен қатар, ол Кедендік одақ елдерінің бейіндік министрліктері мен орталық банктері қаржы нарығын ықпалдау бойынша жұмыстар жүргізіп жатқанын атап өтті.

"Үш мемлекеттің министрліктері мен орталық банктері арасында тұрақты талқылаулар өтіп тұрады. Бәрімізді - Ресейді, Қазақстанды, Беларусьті - барлық сұрақтарды жинау, жалпы тәсілдер табу бойынша үлкен жұмыс күтіп тұр. Бұл міндеттер макроэкономикалық, қаржылық, қадағалау және валюталық саясаттың оңтайлы келісілуін талап етеді. Жалпы ұқсатығына қарамастан елдеріміздің экономикалық дамуында айырмашылықтар бар", - деп есептейді Ұлттық банк басшысы.

Бұдан өзге, ол бірыңғай қаржы нарығы 2020 жылға қарай қалыптасатынын хабарлады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны