17.02.2011, 13:25 3892

Беларусь ЕурАзЭҚ дағдарысқа қарсы қорынан 2 млрд долларға жуық қаржы бөлуді сұрап отыр

Беларусь ЕурАзЭҚ дағдарысқа қарсы қорынан 2 млрд долларға жуық қаржы бөлуді сұрап отыр. Бұл туралы республиканың қаржы министрі Андрей Харковец мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 17 - ақпан. Kazakhstan Today - Беларусь ЕурАзЭҚ дағдарысқа қарсы қорынан 2 млрд долларға жуық қаржы бөлуді сұрап отыр. Бұл туралы республиканың қаржы министрі Андрей Харковец мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz агенттігінің хабарлауынша, Белоруссия Еуразия экономикалық қауымдастығының (ЕурАзЭҚ) дағдарысқа қарсы қорынан 1,7 млрд долларға дейін қаржы бөлуді сұрайды және таяу уақытта облигациялар орналастыруды жоспарлап отырған жоқ.

"Қаржы несиесін алуға өтініш берілді, біздің квотамыз 1,7 млрд доллар шегінде", - деді ол Жорналшыаерге.

Министрдің сөзіне қарағанда, Белоруссия нарықтық жағдай қолайсыз саналып жатқанына қарамастан, таяу уақытта еурооблигацияларды немесе ресей нарығына рубль бондтарын орнатпақ емес, деп хабарлайды Reuters.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны