12.04.2013, 16:18 3223

Беларусь министрі Қарағанды облысында бірлескен кәсіпорын құруды ұсынды

"Өнеркәсіп министрі Қарағанды облысында ауыл шаруашылық техникасын шығаратын кәсіпорын салуды ұсынды. Оның айтуынша, аталған жобаны жүзеге асыру үшін беларусь жағы қаржыландыру мәселесін жартылай өз мойнына алуға дайын. Ал, зауытты Беларусьтың Станок жасау холдингі мен инжиниринг орталықтарымен бірлесіп салуға болады", - делінген хабарламада.

Астана. 12-сәуір. Kazakhstan Today - Беларусь республикасының Өнеркәсіп министрі Дмитрий Катеринич Қарағанды облысында ауыл шаруашылық техникасын жасайтын бірлескен кәсіпорын құруды ұсынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл мәселе облыс әкімі Бауыржан Ибдішевпен кездесуде талқыланды, деп хабарлайды аймақ басшысының баспасөз қызметі.

"Өнеркәсіп министрі Қарағанды облысында ауыл шаруашылық техникасын шығаратын кәсіпорын салуды ұсынды. Оның айтуынша, аталған жобаны жүзеге асыру үшін беларусь жағы қаржыландыру мәселесін жартылай өз мойнына алуға дайын. Ал, зауытты Беларусьтың Станок жасау холдингі мен инжиниринг орталықтарымен бірлесіп салуға болады", - делінген хабарламада.

Өз кезегінде, Б.Ибдішев бұл мәселені Қарағанды машина жасау консорциумы мен Беларусь станок жасау холдингі арасындағы ынтымақтастық шеңберінде қарастыруға болатынын атап өтті.

Қарағанды облысында қолданылатын тракторлардың басым бөлігі Беларусь республикасында жасалғандықтан әкім Қарағандыда сол техниканың қосалқы бөлшектерін жеткізетін өкілдік немесе сауда орталығын ашуды ұсынды.

Келіссөздер барысында көп қабатты тұрғын үйлердегі лифтілерді ауыстыру мен жөндеу мәсчелесі де талқыланды. Облыс әкімі министрге өзге өңірлердегі сияқты Қарағанды облысында да "Қол жетімді баспана" бағдарламасы жүзеге асырылып жатқанын жеткізді. "Бұл мәселені аталған бағдарлама шеңберінде қарастыруға болады", - деді ол.

Сонымен қатар, беларусь жағының "ЗИЛ" автокөліктері мен самосвалдарды жөндеу және қосалқы бөлшектер жеткізу, Қарағанды автопарктеріне БР жасалған жолаушылар автобустарын жеткізу мәселелерін алға тартты. Қарағандыдағы "ҚазБелАЗ" қазақ-беларусь кәсіпорнының қызметіне қатысты мәселелер де сөз болды.

Сондай-ақ, қазақстандық делегация Минск трактор зауытына ат басын тіреді. Онда Қарағанды облысында беларусь тракторларын жөндейтін және қызмет көрсететін сервис орталықтарын ашу мәселесі қозғалды. Мұндай орталықтар Қарағанды өңіріне ауадай қажет. Себебі, аймақта жөндеу жұмыстарын қажет ететін 5 мың МТЗ тракторы бар. Бастапқы келісім бойынша, сервистік орталықтарда қарағандылық мамандар жұмыс істемек. Олар Минск трактор зауытында даярлықтан өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны