13.09.2007, 14:41 3354

Беларусь премьері Қазақстанмен бірлескен трактор құрастыру кәсіпорнының ашылуына қатысты

Беларусь премьері Қазақстанмен бірлескен трактор құрастыру кәсіпорнының ашылуына қатысты.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 13 қыркүйек. ПАВЛОДАР. Беларусь премьері Сергей Сидорский Павлодарда "Беларус МТЗ-82.1" маркалы дөңгелекті тракторларды құрастыратын Қазақстан-Беларусь бірлескен кәсіпорнының ашылуына қатысты.

"Бұл кәсіпорынның болашағы зор, өйткені, сіздер Минск трактор зауытындай тұрақты әрі сенімді серіктесті таңдап алдыңыздар", - деді Беларусь үкімет басшысы кәсіпорынның ашылуында.

"Ирине, біз тракторларымыздың Қазақстан нарығына шығуынан мүдделіміз және біз оның ең таңдаулы әрі ең сапалы тракторлар болғанын қалаймыз", - деді премьер.

Кәсіпорын Қазақстан мен Беларусьтің ұзақ мерзімді ынтымақтастық бағдарламасы аясында ашылған. "Бүгінгі оқиға екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнауының 15 жылдық мерейтойына орайлас келіп отыр", - деді С. Сидорский.

Трактор құрастыратын өндіріс "Автоспецмаш-Павлодар" компаниясының базасында ұйымдастырылған. Облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Бірлескен кәсіпорынды құру жөніндегі уағдаластыққа ағымдағы жылдың 16-ақпанында қол жектізілген. Қазақстанның "Автоспецмаш-Павлодар" ЖШС мен Минск трактор зауыты 1000 машина жинақтарын беру жөнінде шарт жасасты.

Қазіргі жағдаймен кәсіпорында құрастыру өндірісінің цехтары жаппай реконструкцияланып, зауыт сызбаларымен дайындалған конвейерлік желі орнатылып іске қосылып, сынақтан өтті. Қазіргі жағдаймен "Беларус МТЗ-82.1" маркалы 28 трактордан тұратын бірінші партия құрастырылды.

Жаңа конвейердің пайдаланушылық қуаты бір ауысымда 10 тракторға дейін шығаруға мүмкіндік береді. "Қажетті бөлшектерді жеткізу кестесі сақталған жағдайда кәсіпорын жылдың аяғына дейін 1000 трактор құрастырып шығаруға дайын және алдағы жылға 2 мың трактор құрастыру жоспарланған", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Трактор шығарумен қатар өндіріс алаңдарында тағы да Беларусь елінен әкелінген жабдықтар орнатылады.

Беларусь үкімет басшысының ақпаратына сәйкес, Минск трактор зауыты қазір өзі өндірген техниканы 120 елге экспорттайды. Биыл 60 мың трактор шығару межеленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны