13.09.2007, 16:43 3000

Беларусь үкіметі Павлодарда комбайн өндіретін бірлескен кәсіпорын құру мәселесін қарайды - Сидорский

Беларусь үкіметі Павлодарда комбайн өндіретін бірлескен кәсіпорын құру мәселесін қарайды.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 13 қыркүйек. ПАВЛОДАР. Беларусь үкіметі Павлодарда қазіргі заманғы комбайн өндіретін бірлескен кәсіпорын құру мәселесін қарайды, деп мәлімдеді Беларусь үкімет басшысы Сергей Сидорский.

"Осында, Павлодарда ең соңғы модификациялы Беларусь комбайндарын құрастыратын өндірісті жолға қоюға қажетті алғышарттар бізде бар", - деді бүгін журналистерге берген сұхбатында С. Сидорский.

"Мен өзіммен бірге экономиканың барлық салаларының министрлерін ерте келдім, сол себепті біз Павлодар облысы тарапынан жасалатын нақты ұсыныстарды қарауға дайынбыз. Қазіргі жағдаймен осында комбайндар шығаратын жобаның қажеттігі айқын", - деді Беларусь премьері.

"Беларусь бүгінде тек бұрынғы КСРО кеңістігінде ғана емес, сонымен бірге Еуропада да аса ірі ауылшаруашылығы машиналарын өндіруші болып табылады", - деп атап өткен ол "қазірде Беларусь елінде комбайндардың жаңа төрт түрі пайда болғанын" қоса кетті. "Бұл комбайндар егіс алаңындағы егінннің шығымдылығына қарай жұмыс істейді, демек, энергетикалық ресурстар мен отын үнемделеді", - деп түсіндірді премьер. Оның хабарлауынша, "Беларусь үкіметі алдағы көктемде Қазақстандағы барлық машиналардың тұсаукесерін өткізуді жоспарлап отыр".

С. Сидорский Қазақстанның Беларусь үшін бір стратегиялық әріптес екенін атап өтті. "Біз осы елде бірлескен кәсіпорындар құрудан мүдделіміз, бұл салада әлеует өте жоғары", - деді ол.

Беларусь өнеркәсіп министрі Анатолий Русецкийдің айтуынша, бірлескен кәсіпорындарды құру екі жақты қарым-қатынастарды дамытуға серпін береді. Министрдің айтуынша, биыл екі ел арасындағы тауар айналымы 1,7 есе өскен. Тек 6 айдың ішінде ол $300 млн жетті. "Бұл өткен жылғы жалпы көлеммен салыстырғандағы көрсеткіш", - деді А. Русецкий.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны