20.10.2017, 18:52 6728

Бердібек Сапарбаев заӊсыз мұнай мен газ айналымы үшін жазаны күшейтуді ұсынды

Форумды ашқан Бердібек Сапарбаев мұнай мен газдыӊ көлеӊкелі айналымы - Ақтөбе облысымен қатар, жалпы Қазақстан үшін де өзекті мәселе екенін атап өтті.

Ақтөбе. 20 қазан. Kazakhstan Today - Ұсынысты Ақтөбе облысыныӊ әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбеде өткен "Мұнай мен газдыӊ көлеӊкелі айналымы мәселелері" аймақаралық форумында айтты.

Форум жұмысына ҚР бас прокурорыныӊ орынбасары Андрей Лукин, ҚР бас көлік прокуроры Марат Илиханов, ҚР бас әскери прокурорыныӊ орынбасары, Президент әкімшілігініӊ, ҰҚК, ІІМ, Ұлттық бюро, ҚР шекара қызметініӊ, салалық министрліктердіӊ өкілдері, Атырау, Батыс Қазақстан, Маӊғыстау және басқа да облыстардыӊ әкімдері мен прокурорлары қатысады.

Форумды ашқан Бердібек Сапарбаев мұнай мен газдыӊ көлеӊкелі айналымы - Ақтөбе облысымен қатар, жалпы Қазақстан үшін де өзекті мәселе екенін атап өтті.

- Бұл ұлттық қауіпсіздік пен тұрақтылық мәселесі болып табылады. Мұнай мен газдыӊ көлеӊкелі айналымыныӊ ақыры баршаға аян, ол - бюджет кірісін жоғалту, ақша қаражатыныӊ елден кетуі, халықтыӊ тұрмыс жағдайыныӊ төмендеуі, инвестициялық жағдайдыӊ нашарлауы. Осыныӊ бәрі мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардыӊ орындалуына қауіп төндіреді,-деп атап өтті өӊір басшысы.

Ақтөбе облысында қазіргі таӊда көмірсутек шикізатыныӊ 29 жер қойнауын пайдаланушылары жемісті жұмыс жасап жатыр. Биыл 5,9 млн. тонна мұнай, 6,5 млрд. текше метр газ өндіру жоспарланып отыр. Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасына сәйкес, жақын арадағы бес жылдакәсіпорындар мұнай-газ саласын жаӊғыртуға кем дегенде 60 млрд теӊге салатын болады. тек осы жылдыӊ өзінде 19 геологиялық барлау жұмыстары жүргізілмек.

Мұнай өнімдерін ұрлау және заӊсыз сату көбінесе ұӊғыларды сақтамау салдарынан және еншілес фирмалар арасында жасасқан келісімшарттар негізінде мұнай құбырларына заӊсыз түсіп кету арқылы мұнай-газ компанияларыныӊ, қауіпсіздік құрылымдарыныӊ қызметкерлерімен келіссөздер кезінде кездесетіні айтылды.

Мәселен, 2014-2016 жылдары "СНПС" АҚ-ныӊ "Кеӊқияқ" кен орнында ұйымдасқан қылмыстық топ өкілдерімен 8 мыӊ тонна мұнай ұрланған, бұл іске қатысы бар тұлғалар ұсталып, жазаланды.

Бүгінде Ақтөбе облысыныӊ ІІД мұнай ұрлығы мен оны заӊсыз сатуға қатысты 17 қылмыстық істі тексеруде.

- Көлеӊкелі айналым - жекелеген ұйымдасқан қылмыстық топтарды қаржыландыру көзі болып табылады,-деп атап өтті облыс әкімі.

Сонымен қатар, Бердібек Сапарбаев көмірсутегі шикізатымен заӊсыз операцияларға қарсы тұру жөнінде бірқатар ұсыныстар айтты. Атап айтқанда, көмірсутегініӊ заӊсыз айналымы үшін жауапкершілікті күшейту, мұнай мен газдыӊ көлеӊкелі айналымы бойынша қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаны тексеру үшін республикалық жұмыс тобын құру, еліміздіӊ барлық кен орындарында өндірілетін мұнайдыӊ химиялық құрамы бойынша орталықтандырылған деректер банкін құру сынды ұрлық көзін анықтауды айтарлықтай жеӊілдететін бастамалар айтылды.

Бұдан өзге, сұйылтылған мұнай газын бөлшектеп сатушыларға деректерді қызығушылық танытқан мемлекеттік органдарға автоматты түрде беру мүмкіндігі бар газ көлемін есептеу құрылғысын қондыруды міндеттеу, жол патрульдік қызметтерін, көлік және шекараны бақылау қызметтерін мұнай өнімдеріне ілеспе құжаттыӊ жарамдылығын тексеру, сонымен қатар, кедендік органдарға сұйылтылған газды ел сыртына экспорттау кезінде шығу тегін растайтын құжаттарды ұсынуын талап ету құқығын беретін ҚР Кедендік кодексіне өзгертулер енгізу мақсатында ҚР қаржы министрлігініӊ мемлекеттік кірістер базасына рұқсаты бар мобильді қосымшаларымен қамтамасыз ету ұсынылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны