21.10.2019, 16:04 19277

Берік Шолпанқұлов имиджді қалыптастыру, кеңес беру қызметтері мен ғылыми зерттеулерге жұмсалатын тиімсіз шығындар жойылады деп сендірді

Үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет жобасын қалыптастыру кезінде 21,340 млн. теңгеге шығындар оңтайландырылды, оның ішінде 2020 жылға 10,335 млн. теңге ғылыми және ғылыми-техникалық іс-шараларды қаржыландыруды ұлғайтуға бағытталған.

Алматы. 21 қазан. Kazakhstan Today - ҚР Қаржы министрінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұлов ОКҚ-да өткен брифингте бюджеттік процестерді жетілдіру бойынша Қаржы министрлігі атқарып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Оның айтуынша, бюджет шығыстарын талдау және оңтайландыру ісі ерекше назарға алынған, нәтижесінде енді, имиджді қалыптастыру, кеңес беру қызметтері мен ғылыми зерттеулерге жұмсалатын тиімсіз шығындар жойылады.

"Үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет жобасын қалыптастыру кезінде 21,340 млн. теңгеге шығындар оңтайландырылды, оның ішінде 2020 жылға 10,335 млн. теңге ғылыми және ғылыми-техникалық іс-шараларды қаржыландыруды ұлғайтуға бағытталған. Талдау нәтижелері бойынша тиімсіз шығындар қайта бөлінеді. Үкіметтің 56 тапсырмасының 10-ы 6,4 млрд теңгеге оңтайландырылды", - деді Б. Шолпанқұлов.

Бюджеттік заңнамаға түзетулер енгізу мәселесі де қарастырылуда, нақтырақ айтсақ, бюджеттік процестің кезеңдерін қайта қарау қолға алынбақ. Осылайша, шығындар лимитін стратегиялық жоспарларды құру сатысында жүзеге асыру ұсынылады.

Жергілікті атқарушы органдардан бөлінген жалпы трансферттерді пайдалануды бақылау тетіктерін дамыту, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган стратегиялық жоспарлар мен бюджеттік бағдарламалар жобаларын қарау кезінде, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелерін есепке алуды енгізу мәселелері қаралды.

Сондай-ақ, кірістер мен шығыстар бойынша республикалық бюджеттің атқарылуы туралы аналитикалық есептің мазмұнын қайта қарау, қазынашылықта қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторларының шоттарын ашу ұсынылады.

Квазимемлекеттік сектор субектілері шотындағы игерілмеген қаражатты қазынашылық бюджетке қайтару, сондай-ақ есеп беруді қамтамасыз ету және қажетті аналитикалық жұмыстарды жүргізу үшін Бірыңғай шоттар ұғымын енгізу мәселесі талқыланды, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны