07.05.2008, 19:07 3171

Берлинде Қазақстан -Германия экономикалық форумы болып өтті

Берлинде Қазақстан -Германия экономикалық форумы болып өтті

Астана. 7 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Берлинде Қазақстан елшілігі мен Дойче банктің ұйымдастыруымен қазақ-герман экономикалық форумы болып өтті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Шараның мақсаты Қазақстан экономикасының әртараптандырылуы және модернизациялануы жағдайында алдыңғы қатарлы неміс технологиясы мен инвестициясын тарту мақсатында Қазақстан өңірлерінің инвестициялық әлеуеті мен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар қызметін таныстыру болып табылады", - деп көрсетілген Сыртқы істер министрлігінің сәрсенбі күні таратылған хабарламасында.

Құрамына "Самұрық" мемлекеттік холдингінің, "Қазына" тұрақты даму қорының, "Сарыарқа", "Оңтүстік", "Батыс", "Жетісу", "Тобыл" және "Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларының басшылары кірген Қазақстан делегациясына Қазақстан Республикасы президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Исет Исекешев жетекшілік жасады.

"Форум Германия бизнесінің үлкен қызығушылығын туғызды. Оған Қазақстанда жұмыс істейтін және біздің елімізде бизнесін орнатуды әрі кеңейтуді көздеген 150 неміс компаниясының өкілдері болып табылатын 250 адам қатысты", - деп хабарлайды ҚР СІМ.

Сыртқы экономика министрінің орынбасары әрі Қазақстан-Германия сауда-экономикалық жұмыс тобының тең төрағасы Карл Эрнст Браунердің атап көрсеткеніндей, Қазақстан өңірдегі тұрақтандыру рөлін атқаруда және ақылға қонымды ішкі, сыртқы саясат жүргізуде. Ал еліміздегі экономикалық жағдайды әлемдік дағдарысқа қарамастан инвесторлар үшін тұрақты және тартымды қылып сақтай алудың сәті түскен. Жұмыс тобының кезекті отырысын маусымның 23-інде өткізу жоспарланып отыр.

"Самұрық" мемлекеттік холдингтің басшысы Қанат Бозымбаев: "кейбір жобалар оларды бірігіп жүзеге асыру үшін жеткілікті дәйектерге ие", - деді.

Дойче банктің Орта және Шығыс Еуропа елдеріндегі атқарушы директоры, Қазақстан Республикасы президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің мүшесі Петер Тилстің немістің "ноу-хауын" Қазақстанның банк секторына енгізу жөніндегі ұсынысы айтарлықтай маңызды және өзекті болды.

Өткен форум нәтижелері Қазақстан - Германия экономикалық ынтымақтастығының әрі қарайғы дамуына серпін беріп, алдағы күзге жоспарланған Германия федералдық президенті Хорст Келердің Қазақстанға сапарының экономикалық жағын дайындауға арналған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны