13.02.2007, 12:43 3143

Бес жылда ауылшаруашылығының ІЖӨ көлеміндегі үлесі 3,2% төмендеді- вице-премьер

АСТАНА. 13 ақпан. Kazakhstan Today. Ауылшаруашылық саласын мемлекет тарапынан қаржыландыру ұлғайғанға қарамастан, ауылшаруашылығының ІЖӨ көлеміндегі үлесі 3,2% кеміген. Бұл жөнінде бүгін үкімет отырысында үкімет басшысының орынбасары - экономика және бюджетті жоспарлау министрі Аслан Мусин мәлімдеді.

"Жыл сайын мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудың ұлғайып отырғанына қарамастан, елдің ауылшаруашылығы саласы өте баяу дамып жатыр",-деді А.Мусин. "Соңғы бес жылдағы өндіріс көлемі небәрі 20,7 % өсті. Оның ішінде ауылшаруашылығының ІЖӨ көлеміндегі үлесі 8,7 пайыздан 5,5 пайызға дейін төмендеді",-деді ол.

Вице-премьер министрдің мәліметінше, соңғы бес жылда "осы салаға берілген тікелей несие 15 есеге -1 млрд теңгеден 15 млрд теңгеге дейін ұлғайды". Алайда, ауылшаруашылығын дамытуға жеке инвестиция өсіп отырған жоқ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны