27.07.2011, 12:20 3384

Бес жылда ауқымды аграрлық жобаларға салынған инвестиция көлемі 39,5 млрд теңгені құрайды

"ҚазАгроФинанс" АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, "ҚазАгроФинанс" еліміздің аграрлық секторындағы 30 жобаның қаржыландыруын ұйымдастыруда.

Астана. 27 шілде. Kazakhstan Today - Бес жылда ауқымды аграрлық жобаларға салынған инвестиция көлемі 39,5 млрд теңгені құрайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"ҚазАгроФинанс" АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, "ҚазАгроФинанс" еліміздің аграрлық секторындағы 30 жобаның қаржыландыруын ұйымдастыруда. Олар 2010 - 2014 жылдарға арналған республикалық және өңірлік Индустрияландыру картасына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл жобалардың жалпы құны 39,5 млрд теңгені құраса, "ҚазАгроФинанс" желісі бойынша қаржыландыру көлемі 31,7 млрд теңгеге теңесіп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны