02.08.2011, 14:24 3068

Бес жылда көлік және телекоммуникация инфрақұрылымын салуға 1,6 трлн теңге инвестиция салынады

Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының аясында көлік және телекоммуникация инфрақұрылымы саласы бойынша 15 жоба жүзеге асырылатын болады. Осы салаға салынатын инвестицияның жалпы көлемі 1 569 205 млн теңгені құрайды, деп көрсетілген ҚР премьер-министрінің ресми сайтында.

Астана. 2 тамыз. Kazakhstan Today - Бес жылда көлік және телекоммуникация инфрақұрылымын салуға 1 569 205 млн теңге инвестиция салынады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының аясында көлік және телекоммуникация инфрақұрылымы саласы бойынша 15 жоба жүзеге асырылатын болады. Осы салаға салынатын инвестицияның жалпы көлемі 1 569 205 млн теңгені құрайды, деп көрсетілген ҚР премьер-министрінің ресми сайтында.

Атап айтқанда, үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының аясында 2009 жылдан бері теміржол саласы бойынша екі ірі жоба жүзеге асырылу үстінде. Олар республиканың транзиттік және экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік бермек. Жетіген - Қорғас теміржол желісі Қытайдан еліміздің оңтүстік өңірлері мен Орта Азияға барар жолды қысқартса, Өзен - Түркіменстанмен мемлекеттік шекараға дейінгі магистраль теміржол арқылы Таяу Шығыс елдеріне ең қысқа жолды ашып бермек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны