09.04.2012, 09:47 3756

Биыл 21,5 млн гектар аумаққа егін егіледі

"Облыстардың нақтыланған мәліметтері бойынша, 2012 жылы ауыыл шаруашылығы дақылдарын 21,5 млн гектар жерге егу жоспарланып отыр, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 1,3%-ға артық. Көктемгі егістік алқабы 18,8 млн га құрайды. Дәнді дақылдар 16,2 млн га жерге, майлы дақылдар 1,8 млн га жерге егілмек, бұл шамамен былтырғы жылдың деңгейіне тең.

Астана. 9-сәуір. Kazakhstan Today - Биыл 21,5 млн гектар аумаққа егін егіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен үкімет отырысы барысында ҚР ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.

"Облыстардың нақтыланған мәліметтері бойынша, 2012 жылы ауыыл шаруашылығы дақылдарын 21,5 млн гектар жерге егу жоспарланып отыр, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 1,3%-ға артық. Көктемгі егістік алқабы 18,8 млн га құрайды. Дәнді дақылдар 16,2 млн га жерге, майлы дақылдар 1,8 млн га жерге егілмек, бұл шамамен былтырғы жылдың деңгейіне тең.

Басымдықты дақылдар алқабының өсімі байқалып отыр. Астық егістігін 300 мың га- ға қысқарту арқылы мал жемі дақылдарының алқабын ұлғайту көзделген. Жем-шөп егістігі 10%-ға, жалпы бау-бақша мен каптор егу алқабы 4,4 мың га-ға ұлғайтылмақ. Мақта мен қант қызылшасы - сәйкесінше 146 мың және 27 мың гектар аумаққа отырғызылатын болады", - деп мәлім етті Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны