23.02.2009, 12:13 1442

Биыл Атырау облысында негізгі мұнайхимиялық өнімдерді өндіретін интеграциялы газды-химиялық кешеннің құрылысы басталады

Биыл Атырау облысында негізгі мұнайхимиялық өнімдерді өндіретін интеграциялы газды-химиялық кешеннің құрылысы басталады

Астана. 23 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Биыл Атырау облысында негізгі мұнайхимиялық өнімдерді өндіретін интеграциялық газды-химиялық кешеннің құрылысы басталады. Бұл туралы бүгін "Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің 2008 жылғы жұмысының негізгі қортындылары және 2009 жылға арналған міндеттері туралы" үкіметтік сағатта мәжіліс депутаттары алдында баяндама жасаған ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Биыл Атырау облысында негізгі мұнайхимиялық өнімдерді өндіретін бірінші әлемдік деңгейдегі интеграциялық газды-химиялық кешеннің құрылысы басталады. Оның қуаты жылына 1,25 млн тонна өнім өндіруге бағытталған, соның ішінде полиэтилен - 800 мың тонна және полипропилен - 450 мың тоннаны құрайды", - деді С. Мыңбаев.

"Бұл кешен арнаулы экономикалық аймақтың негізгі өндірістік тармағы болып табылады, оның негізінде бірнеше басқа өндірістерді құру, соның ішінде ароматты қосылыстар өндірісін құру көзделуде", - деді ол.

Министрдің айтуынша, жобаның жалпы құны $6,3 млрд құрайды, кешен бірнеше өзара сабақтас технологиялық қондырғылардан құралады.

"Кешен Теңіз кенішінде шығарылған көлемі 7 млрд текше метрден астам құрғақ газды пайдаланады", - деді С. Мыңбаев.

Бұған қоса ол үкіметтің ТШО өнімдерін ұзақ мерзімді сату жөніндегі келісімге қол қоюға түрткі болғанын жеткізді. Үкіметтің қаулысымен бұл келісім бекітілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны