26.01.2009, 17:54 3406

Биыл ішкі еңбек нарығын қорғау үшін Қазақстанға шетелдік жұмыс күшін тарту квотасы екі есе азайтылады

Биыл ішкі еңбек нарығын қорғау үшін Қазақстанға шетелдік жұмыс күшін тарту квотасы екі есе азайтылады

Астана. 26 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Биыл ішкі еңбек нарығын қорғау үшін Қазақстанға шетелдік жұмыс күшін тарту квотасы екі есе азайтылады. Бұл туралы еліміздің еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев бүгін үкіметте өткен селекторлық жиын барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Ішкі еңбек нарығын қорғау үшін ағымдағы жылы шетелдік жұмыс күшін тарту квотасы өткен жылмен салыстырғанда екі есе азайтылады. Шетелдерден төртінші санаттағы жұмыс күшін тартуға мораторий енгізу мәселесі қаралып жатыр", - деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны