15.03.2012, 15:42 3507

Биыл көктемгі егіс науқанына 95 млрд. теңгеден астам қаржы жұмсалады

А. Мамытбековтың сөзінше, ауыл шауашылы,ы саласын қаржынадыруда қазіргі кезде банктер белсенділік танытуда. Сонымен қатар, "ҚазАгро" холдингі 80 млрд. теңге бюджеттік несие есебінен көктемгі егіс науқанын несиелендіруді жалғастырып жатыр.

Астана. 15-наурыз. Kazakhstan Today - Биыл көктемгі егіс науқанына 95 млрд. теңгеден астам қаржы жұмсалады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл жайында бүгін Үкіметте өткен селекторлық кеңесте ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.

А. Мамытбековтың сөзінше, ауыл шауашылы,ы саласын қаржынадыруда қазіргі кезде банктер белсенділік танытуда. Сонымен қатар, "ҚазАгро" холдингі 80 млрд. теңге бюджеттік несие есебінен көктемгі егіс науқанын несиелендіруді жалғастырып жатыр.

Министр бұдан бөлек шағын қаржыландыру бағдарламасы, сондай-ақ ауылдық несиелік серіктестік және ауылдық тұтыну кооперативтері арқылы қаржыландыру жүзеге асырылатынын жеткізді. "Жалпы барлық бағдарламалар аясында қаржыланжыру көлемі 95,8 млрд. теңге болады деп жоспарлануда",-деп атап өтті ведомство басшысы.

А. Мамытбеков қаржыландыру бағытында бүгінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер тарапынан 40 млрд. теңгеге 80-ге жуық өтінім келіп түскенін айтып өтті. Оның ішінде 20,2 млрд. теңгенің 57 өтінімі қаржыландырылған көрінеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны