28.04.2018, 00:13 3097

Биыл Отырар ауданы алғаш рет көгілдір отынға қол жеткізеді

Сондай-ақ, елдімекендерге табиғи газ тарту үшін жүргілізіп отырған құрылыс жұмыстары да отырарлықтардыӊ көз қуанышына айналып отыр. Себебі, тарихта алғаш рет аудан тұрғындары көгілдір отынға қол жеткізетін болады. Мамандардыӊ сөзінше, Шәуілдір, Темір ауылдары биыл қатты отын жағудан құтылады. Бұл жұмыстарға облыстық бюджеттен 1 млрд. 558 млн теӊге қаржы қаралған.

Шымкент. 28 сәуір. KazakhstanToday - Жыл басында Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Ж.Түймебаев ауылдардағы мамандарға жағдай жасау мақсатында аудан, қала әкімдеріне қызметтік тұрғын үйлер салуды жүктеген болатын. Осы тапсырмаға сәйкес Отырар ауданында 12 пәтерлік 2 қызметтік үйдіӊ құрылысы жүргізілуде. ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі ұйымдастырған пресс-тур кезінде журналистер осындай жұмыстардыӊ куәсі болды.

Шәуілдір ауылында бой көтеретін тұрғын үйдіӊ жалпы құны 311,6 млн. теӊге болып бекітілген. Құрылыс жұмыстары жоспар бойынша 2019 жылға өтпелі. Биыл атқарылатын құрылыс жұмыстарына облыстық бюджеттен 200 млн. теӊге қаржы қаралған.

Тілшілерді бастап жүрген аудан басшысы Е.Айтаханов алдымен жаӊадан бой көтеріп жатқан спорт кешенініӊ құрылыс жұмыстарымен танысуға шақырды. Заманауи үлгіде салынып жатқан кешенде дзюдо, самбо, қазақ күресініӊ кілемдері мен волейбол, футбол, баскетбол алаӊдары болады. Ағымдағы жылы пайдалануға берілетін жобаныӊ құны 293 544 160 теӊгені құрайды.

Сондай-ақ, елдімекендерге табиғи газ тарту үшін жүргілізіп отырған құрылыс жұмыстары да отырарлықтардыӊ көз қуанышына айналып отыр. Себебі, тарихта алғаш рет аудан тұрғындары көгілдір отынға қол жеткізетін болады. Мамандардыӊ сөзінше, Шәуілдір, Темір ауылдары биыл қатты отын жағудан құтылады. Бұл жұмыстарға облыстық бюджеттен 1 млрд. 558 млн теӊге қаржы қаралған.

"Жалпы 2014-2016 жылдары 4 млрд. 181 млн. теӊгеге ауданды табиғи газбен қамту жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланған. Бүгінде 51,4 шақырым магистарлдық газ құбырын жүргізу және АГТС құрылысын салу жұмыстары аяқталған. Аудан көлеміндегі бір-біріне және Шәуілдірге жақын орналасқан 22 елдімекенге газ жүйесін жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттарын дайындауға бюджеттен қаржы бөлінген. Егер жоба толығымен іске асса, аудан халқыныӊ 71 пайызы көгілдір отынмен қамтылатын болады", - деді Ерлан Қуанышұлы.

Мұнан соӊ аудан орталығындағы "Жанға шипа" медициналық орталығын аралады. Отырардан түлеп ұшқан кәсіпкер Қ.Төлемісовтіӊ иелігіндегі мекемеде дәріхана, стомотологиялық кабинет, кардиограмма, УЗИ, ФГДС және рентген аппараттарымен жабдықталып, халыққа сапалы қызметтерін ұсынып отыр. Онда 15 адам жұмыспен қатылған.

Бұған дейін Шымкент немесе Түркістан қаласына сабылатын науқастар енді өз ауылымызда да емделе беруге мүмкіндік туды деп қуанып отыр. Исіресе, қызмет құныныӊ қалтаға қонымдылығы көӊіл қуантады дейді.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны