06.04.2016, 19:01 4265

Биыл шегіртке тектес зиянкестер 1,8 млн га аумақта таралады деп болжанып отыр - ҚР АШМ

"2016 жылы аса қауіпті зиянкестердіӊ таралуы 5,2 млн га аумақта болжанып отыр, оныӊ ішінде аумақтағы шегіртке тектес зиянкестердіӊ - 1,8 млн га аумақта, сұр астық көбелегініӊ - 0,9 млн га, астық дақылдары ауруларыныӊ - 2,4 млн га, басқа түрлерініӊ - 0,1 млн га аумақта ", - деді ол ОКҚ брифингінде

Астана. 6 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанда 2016 жылы 5,2 млн га аумақта зиянкестердіӊ, оныӊ ішінде шегірткеніӊ - 1,8 млн гектарда тарауы болжанып отыр, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігініӊ өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өӊдеу департаментініӊ директоры Ажар Қажыбекова, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"2016 жылы аса қауіпті зиянкестердіӊ таралуы 5,2 млн га аумақта болжанып отыр, оныӊ ішінде аумақтағы шегіртке тектес зиянкестердіӊ - 1,8 млн га аумақта, сұр астық көбелегініӊ - 0,9 млн га, астық дақылдары ауруларыныӊ - 2,4 млн га, басқа түрлерініӊ - 0,1 млн га аумақта ", - деді ол ОКҚ брифингінде, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

А.Қажыбекова еске салып өткендей, аталған аса қауіпті зиянкестермен күрес жүргізу үшін "Фитосанитарлық қауісіздікті қамтамасыз ету" республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша 4,6 млрд теӊге бөлінген.

"Болашақта карантинді және аса қауіпті нысандарда химиялық өӊдеу жүргізуді ауыл шарушылығы тауарларын өндірушілерге беру және осы мақсатта қолданылатын пестицидтердіӊ құнын субсидиялау мәселесі қаралуда", - деп мәлімдеді аграрлық ведомствоныӊ өкілдері.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны