08.12.2012, 15:10 2729

Биыл "Тұрғын үй құрылысы жинақ банкі" бойынша кем дегенде 80 мыңнан астам жаңа шарт жасалады деп күтіледі

Бүгін "Халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің жай-күйі мен перспективалары" атты тақырыпта өткен парламенттік тыңдауда "Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ Басқарма төрайымы Нұрбүбі Наурызбаева осылай мәлім етті.

Астана. 8-желтоқсан. Kazakhstan Today - Биыл "Тұрғын үй құрылысы жинақ банкі" бойынша кем дегенде 80 мыңнан астам жаңа шарт жасалады деп күтіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін "Халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің жай-күйі мен перспективалары" атты тақырыпта өткен парламенттік тыңдауда "Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ Басқарма төрайымы Нұрбүбі Наурызбаева осылай мәлім етті.

Қазіргі уақытта банкте жалпы шарттық сомасы 716 миллиард теңгеге 360 мың жинақ шарты жасалған.

"Бұл - біздің клиенттердің тұрғын үй жағдайын келешекте жақсартуға қажетті сомасы. Салымшылардың жинақ ақша шотында 120 миллиард теңгеден астам қаражат жинақталған. Теңгемен ұзақ мерзімді салымдар үлесі бойынша банк екінші деңгейлі банктер арасында 3-ші орында тұр. Қызметтің алғашқы үш жылында жыл сайын 10 мың жаңа шарт жасалған болса, 2011 жылы жинақ ақша жүйесіне 76 мыңнан астам жаңа қатысушы тартылды. Ал 2012 жылдың қорытындысы бойынша кем дегенде 80 мыңнан астам жаңа шарт жасалады деп күтілуде", - деді Н. Наурызбаева.

Басқарма төрайымының айтуынша, Тұрғын үй құрылыс жинақ ақша жүйесіндегі жинақ шартының қомақты үлесі 25 пен 45 жас арасындағы азаматтарға тиеді. Бұл ретте жасалған шарттардың 54 пайызы мемлекеттік/бюджеттік ұйым қызметкерлерінің, 40 пайызы - жеке компаниялар қызметкерлерінің үлесінде екен. Бұдан бөлек, жүйе қатысушыларының 77 пайызының табысы 100 мың теңгеге дейінгі мөлшерде, яғни орташа республикалық деңгейден жоғары емес болып саналады.

"Көріп отырғанымыздай, тұрғын үй құрылыс жинақ ақша жүйесіне табысы жағынан халықтың неғұрлым кең тараған топтарының өкілдері қатысады. Дегенмен, халықтың сұранысына және еліміздің әлеуетіне қарай, Қазақстандағы жинақ ақша жүйесі өз дамуының биік шыңына әлі жете қойған жоқ. Банктің болжамдары бойынша, 2020 жылдың соңына қарай еліміздің 1,5 млн. азаматы жинақ ақша жүйесінің жаңа қатысушылары болады деп күтілуде. Жинақ ақша жүйесі қатысушыларының республика халқының экономикалық белсенді бөлігіне үлесі қазіргі 3 пайыздан 2020 жылдың соңына қарай 16 пайызға дейін өсетіні болжануда", - дейді Н. Наурызбаева.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны