09.06.2009, 12:44 1571

Биыл жазғы бидай себілетін аумақ былтырғыдан 875,2 мың гектарға көбейіп, 13,9 млн гектарға жетті

Биыл жазғы бидай себілетін аумақ былтырғыдан 875,2 мың гектарға көбейіп, 13,9 млн гектарға жетті

Астана. 9 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Биыл жазғы бидай себілетін аумақ былтырғыдан 875,2 мың гектарға көбейіп, 13,9 млн гектарға жетті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі көктемгі егін егу науқанының аяқталуына байланысты бүгін баспасөз мәслихатын өткізді. Оған ауылшаруашылығы министрінің орынбасары Арман Евниев қатысты.

Оның айтуынша, қазір тұқым себу науқаны аяқталды. Көктемде жалпы аумағы 18,3 млн гектар жерге дән себілді. Бұл былтырғы деңгеймен салыстырғанда 0,9 млн гектарға артық.

"Ал, жазғы астық дақылдары 16,3 млн гектар жерге себілді. Бұл былтырғы көрсеткіштен 714 мың гектарға көп. Оның ішінде, биыл жазғы бидай себілетін аумақ былтырғыдан 875,2 мың гектарға көбейіп, 13,9 млн гектарға жетті",- деді ол.

Мекеме ақпаратына сәйкес, мемлекет басшысының Қауіпсіздік кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес, ішкі нарықта тапшы болатын дақыл түрлерінің егіс алқабы арттырылды. Атап айтқанда, майлы дақылдар биыл 1 млн 66 мың гектарға себілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 161 мың гектарға көп. Сондай-ақ, күріш өсірілетін алқап 9 мың гектарға, картоп- 5 мың гектарға, қант қызылшасы - 0,1 мың гектарға, жеміс-жидек - 5 мың гектарға және жүзім - 0,8 мың гектарға ұлғайтылды. Ал, көкөніс өсірілетін алқаптар былтырғы жылғы деңгейде.

Бұдан өзге, жем -шөп өсірілетін аумақтар үштен бір есе немесе 775 мың гектарға көбейді.

Сонымен қатар, өндіріске соңғы үлгідегі ылғал қорын сақтайтын технологияларды енгізу жұмыстары да қарқын алып келеді. Мұндай әдіс биыл 10,2 млн гектар аумаққа қолданылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,3 млн гектарға көп.

Қазір егінді күтіп -баптау жұмыстары басталды. Еліміздің түрлі аймақтарындағы топырақтың ылғал қоры көпжылғы көрсеткіштермен салыстырғанда орташа және орташа деңгейден жоғары деп бағаланып отыр. Мамандардың болжауынша, бұл жақсы өнім алуға негіз болады.

Еліміздің оңтүстігіндегі суармалы жерлерде әзірге жағдай тұрақты. Көрші елдермен оңтүстік аймақтарды сумен қамтамасыз ету жөніндегі келіссөздер жалғасып жатыр.

Шегірке зиянкестерімен күреске қажетті барлық шаралар да қолға алынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны