08.05.2008, 19:23 2776

Биылғы жылдың 4 айы ішінде Қырғызстанның сауда алаңдарында 2 млрд сомға құнды қағаздардың мәмілелері жасалған

Биылғы жылдың 4 айы ішінде Қырғызстанның сауда алаңдарында 2 млрд сомға құнды қағаздардың мәмілелері жасалған

Бішкек. 8 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Биылғы жылдың 4 айы ішінде Қырғызстанның сауда алаңдарында 2 млрд сомға құнды қағаздардың мәмілелері жасалған, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстан Республикасының Қаржылық бақылау қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл мәмілелердің көлемі 1 млрд 996 млн 767 мың сомды құраған.

Сонымен, биылғы жылдың 1 қаңтары мен 7 мамырының аралығында "Қырғыз қор биржасы" ЖАҚ құнды қағаздардың 1 361 мәмілесін тіркеген. Ал сауда көлемі мемлекеттік қазыналық вексельдерді есептегенде 1 млрд 861 млн 763 мың сомды құраған. "Биржалық сауда жүйесі" ЖАҚ осы аталған мерзімде көлемі 26 млн 429 мың сомды құрайтын 1 149 мәміле тіркеген. "Central Asian Stock Exchange" ЖАҚ алаңында 72 мәміле жасалған. Ал сауда көлемі 108 млн 574 мың сом.

1 доллар = 36,5 сом.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны