Система Orphus

Биылғы жылы көктемгі егін егу жұмыстары 17,8 млн гектар аумаққа жүргізіледі деп жоспарланған - ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі

03.06.2009, 14:00 2132

Астана. 3 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Биылғы жылы көктемгі егін егу жұмыстары 17,8 млн гектар аумаққа жүргізіледі деп жоспарланған, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Биылғы жылы көктемгі егін егу жұмыстары 17,8 млн гектар аумаққа жүргізіледі деп жоспарланған. Бұл былтырғы жылғы деңгеймен салыстырғанда 1,0 млн га артық. Оның ішінде, бидай дақылдары- 400 мың га, азық-түлік бидайы - 350 мың га көп. Өткен жылмен салыстырғанда картоп егілетін алқаптар да биыл 2 мың гектарға ұлғайтылды. Сонымен бірге, ағымдағы жылы майлы дақылдарға арналған алқаптардың көлемі кеңейтіліп, олар 1 млн гектардан астам аумаққа себілді. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 100,0 мың гектарға көп",- делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, топырақтағы ылғал қоры мен алдағы айларға жорамалданған жауын- шашын мөлшері жақсы өнім алуға мүмкіндік береді деген болжам бар.

"Еліміздің ішкі жалпы өнімі көрсеткішімен салыстырғанда ауыл шаруашылығы өндірісінің үлес салмағы 5 %-дан жоғары. Өндірістің жылдағы өсу қарқыны шамамен 7-8 %",- делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны