21.01.2013, 17:43 3143

Былтыр Қазақстанда ауыл тұрғындарына 14 млрд. теңгенің 3,7 мыңдай шағын несиесі берілді

"Бағдарламаны жүзеге асыру асыру барысында Шағын несиелендіру қоры ауыл тұрғындарына жалпы сомасы 17,9 млрд. теңгенің 66 662 микрокредитін берді. Оның ішінде, өткен жылы жалпы сомасы 3,14 млрд теңгенің 3 732 микрокредиті берілген", - делінген қордың хабарламасында.

Астана. 21-қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасында 2012 жылы шағын несиелендіру бағдарламасының аясынла Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры жалпы сомасы 3, 14 млрд. теңгенің 3 732 шағын несиесін берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Бағдарламаны жүзеге асыру асыру барысында Шағын несиелендіру қоры ауыл тұрғындарына жалпы сомасы 17,9 млрд. теңгенің 66 662 микрокредитін берді. Оның ішінде, өткен жылы жалпы сомасы 3,14 млрд теңгенің 3 732 микрокредиті берілген", - делінген қордың хабарламасында.

Қаржылық ұйымның хабарлауынша, шағын несиелендіру аясында 71 695 адам жұмыспен ұамтылды, 383 мың бас мал сатып алынды және 52 мың гектардан астам алқапқа егін егілді.

2012 жылы берілген барлық шағын несиенің 90,7% - мал шаруашылығына жұмсалса, 2,3%, - егін шаруашылығына, 7% -қалған бизнес түрлеріне жұмсалды.

Жалпы алғанда былтыр ауыл тұрғындарын және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қолдауға несиелендірудің түрлі бағдарламалары бойынша Қор 11,2 млрд. теңге жұмсады.

Айта кету керек, өңірлердің арасында Алматы, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары Қордың несиелік өнімдерін белсенді тұтынуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны