03.06.2013, 11:03 5434

Бір жыл ішінде азық-түлік бағасы 4,6 пайызға қымбаттады

"Бұдан бөлек, бір жыл ішінде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 4 пайызды құрады. Бұл ретте қой етіне баға деңгейі 5,8 пайыз, жылқы етіне - 4,3 пайыз, сиыр етіне - 3,9 пайызғаа, шошқа етіне, шұжық өнімдеріне - 3,7 пайыздан және құс етіне - 3,2 пайызға жоғары болды", - делінген баспасөз баянында.

Астана. 3-маусым. Kazakhstan Today - 2013 жылғы мамырда азық-түлік тауарларының бағасы 2012 жылғы мамырмен салыстырғанда 4,6 пайызға өсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Статистика агенттігінің хабарлауынша,. 2013 жылдың мамырында 2012 жылғы тиісті аймен салыстырғанда баға ұнға - 15,1 пайызға, макарон өнімдеріне, жемістер мен көкөністерге 11,3 пайыздан қымбаттаған. Ал, кофе, шай және какао бағалары - 4,9 пайыз, тоқаш және ұн өнімдеріне - 4,8 пайыз, балық және теңіз өнімдеріне - 4,7 пайыз, алкогольді ішімдіктерге, сүт өнімдеріне, май және тоң майға - 3,9 пайыз, кондитерлік өнімдерге - 3,1 пайыз, нанға 1,7 пайыз өскен. Есепті кезеңде бағаның төмендеуі жармаларға - 12,2 пайыз, қантқа 7,2 пайыз деңгейінде байқалды.

"Бұдан бөлек, бір жыл ішінде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 4 пайызды құрады. Бұл ретте қой етіне баға деңгейі 5,8 пайыз, жылқы етіне - 4,3 пайыз, сиыр етіне - 3,9 пайызғаа, шошқа етіне, шұжық өнімдеріне - 3,7 пайыздан және құс етіне - 3,2 пайызға жоғары болды", - делінген баспасөз баянында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны