19.05.2014, 19:18 2784

Бірыңғай нарық Қазақстанға Еуропаның тұтыну нарығына шығуға мүмкіндік береді- Р.Сұлтанов

Бірыңғай нарық Қазақстанға Еуропаның тұтыну нарығына шығуға жол ашады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР ЭБЖМ "Сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ бас директоры Руслан Сұлтанов мәлімдеді.

Алматы. 19 мамыр. Kazakhstan today. Бірыңғай нарық Қазақстанға Еуропаның тұтыну нарығына шығуға жол ашады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР ЭБЖМ "Сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ бас директоры Руслан Сұлтанов мәлімдеді.

"Бірыңғай нарық Қазақстанның Еуропадағы тұтыну нарығына шығуына жол ашады және ҚХР мен ЕО-ның қуатты экономикасының арасындағы өткелге айналады. Интеграцияның басты мақсаты ретінде экономиканы жаңғырта отырып және оны біздің халықтың әлеуметтік деңгейін арттыру құралына айналатынын түйсіне отырып Мемлекет басшысы сыртқы саясаттың алдағы уақыттағы бағыттары - еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық байланыстардың дамуын айқындады", - деді ол.

Оның айтуынша, шикізаттық тәуелсіздік Беларусь пен Ресейдің экономикалық бірлесуіндегі басты себептерге айналып отыр.

"Кезеңдік еуразиялық интеграция ЕурАзЭҚ пен ТМД-ға енетін мемлекеттер арасындағы еркін сауда аймағы түріндегі барлық қасиеттеріне қол жеткізді. Саудадағы өзара артықшылық интеграцияның келесі реттегі дамуына алғышарт болды: Кедендік одақ елдері арасында барынша экономикалық жақындық қалыптасты. 2010 жылы жалпы 170 миллиондық нарық құру бәрінен бұрын ұлттық экономиканы жаңғырту мен кәсіпкерліктердің бәсекеге қабілеттіліктерін арттыруға бағытталған", - дейді Р.Сұлтанов.

Сонымен қатар, 2012 жылдың қаңтарында күшіне енген Бірыңғай экономикалық кеңістік тауар, қызмет, капитал мен адам ресурсының еркін айналымына мүмкіндік беруге арналған интеграцияның тереңдетіле түскен формасы болып табылады", - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, еуразиялық интеграция идеясын Мемлекет басшысы 1994 жылы М.Гумилев атындағы ММУ-де айтқан болатын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны