10.09.2018, 20:59 5188

Бірыӊғай жиынтық төлем - жаӊа салық емес, тек қана әлеуметтік қорғаудыӊ қарапайым түрі

Төлемніӊ көлемі табысы көп емес азаматтардыӊ қалтасы көтеретіндей және өте жеӊіл белгіленген. Мысалы, ауылдық жерлерде 0,5 АЕК, қалаларда 1 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде төленеді.

Астана. 10 қыркүйек. Kazakhstan Today - Жұмыспен қамту - қазіргі таӊда Қазақстандағы еӊ өзекті мәселеніӊ бірі. Исіресе, бұл азғантай табыс үшін ауылшаруашылығы және ұсақ саудамен айналысатын ауылдық жерлерде өте өзекті.

Қазіргі таӊда елімізде екі миллионнан астам адам өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, оныӊ басым бөлігі ауылдарда тұрады.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар кімдер? Олар - ресми еш жерде жұмыс істемейтін, ешқандай әлеуметтік төлемдер жасамайтын, салық төлемейтін адамдар.Осыныӊ себебінен бұл санаттағы азаматтар әлеуметтік қамтамасыздандыру және зейнетақы жарналарын жинақтау жүйелерінен тыс қалып отыр.

Аталған жүйелерге қатысып,әлеуметтік қауіп төнген жағдайда (еӊбекке жарамсыздық, әйелдердіӊауыр аяқты болуы, бала туу және т.б.)лайықты зейнетақы мен мемлекеттіӊ әлеуметтік қолдауына ие болу үшінжәне тиісті аударымдар жасау үшін азаматтар ресми түрде жалдамалы жұмысшы болуға тиіс. Мұндай жағдайда жұмысшылар үшін тиісті әлеуметтік төлемдерді жасау жұмыс берушініӊ жауапкершілігінде немесе ол адам жеке кәсіпкер болу керек.

Бірақ бұл механизмдер ауылда жеке шаруашылығымен шұғылданатын қарапайым адамдарға толық келе бермейді.

Ауыл тұрғындардыӊ айтуынша, олар ресми жұмысқа тұра алмайды, себебі жеке шаруашылығын қарайтын адам жоқ. Жем-шөп дайындау, малға қарау, егін егу, астық жинау секілді жұмыстар күнделікті үздіксіз бақылауды талап етеді. Шаруашылық - табыс табу ғана емес, күнделікті азық-түлікпен қамтамасыз ететін тұрмыс көзі.

Жеке шаруасымен күн көріп отырған көпшілік адамдар "жеке кәсіпкер" ретінде тіркелуге дайын емес. Салық төлейтін деӊгейге көтерілу үшін олар шаруасын кеӊейту қажет, оған қаражат та, уақыт пен денсаулық та жетпейді, себебі қожалық көлемі үлкейген сайын күш-қуат та соншалық қажет болады.

Сондықтан адамдар әлеуметтік жүйелерге қатысу үшін өз қызметін тіркеу мен айтарлықтай салықтық салмағы жоқ ұдайы табыс табу мүмкіндігі арасында таӊдау жасауы тиіс. Таӊдау көбіне формализация тарапында емес.

Қазіргі күні мемлекет жұмыспен өз бетінше қамтылғандарды "көлеӊкеден" алып шығу ғана емес, сонымен бірге оларға медициналық, әлеуметтік, зейнетақы жинақтау қоры жүйесіне қатысу мүмкіндігін туғызу міндетін өз алдына қойып отыр.

Міне сондықтан, Еӊбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі тіркелуді жеӊілдететін, салық салмағын азайтатын, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында медициналық қызмет көрсететін, жұмыстан және еӊбекке қабілетінен айырылған жағдайда төлемдер алатын және т. б. баптарды қамтитын жаӊа Заӊ жобасын әзірледі.

Бірыӊғай жиынтық төлем (БЖТ) - арнайы салық төлеудегі Заӊмен бекітілген механизм. Мұнда нақты көрсетілгендей, БЖТ арқылы жұмысшы өзініӊ қызметі жайлы мемлекетке ақпарат береді және жеӊілдетілген жолмен бір мезгілде жеке табыс салығын, шартты зейнетақы жарнасын, әлеуметтік және медициналық сақтандыру жарналарын төлейді.

Төлемніӊ көлемі табысы көп емес азаматтардыӊ қалтасы көтеретіндей және өте жеӊіл белгіленген. Мысалы, ауылдық жерлерде 0,5 АЕК, қалаларда 1 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде төленеді.

Бұдан бөлек, Бірыӊғай жиынтық төлем қызметі автоматты түрде тіркелетіндіктен адамдарды айлық салықтық есеп беру, арыздану сияқты түрлі кедергілерден босатады.

Сөйтіп, жаӊа құқықтық режим қызметті формализациялауға серпін беріп қана қоймай, жұмыспен өз бетінше қамтылғандарға тиімді жағыдай туғызады.Адамдар еӊ аз салмақ салықтыӊ аясында әлеуметтік және зейнетақымен қамтамасыз ету жүйелеріне қатынаса алады және болашағына үлкен сеніммен қарайды.

Қазір өз ісінен болмашы табыс тауып отырған және мемлекет тарапынан әлеуметтік қорғалуды қалайтын адамдар үшін бұл - өте қарапайым және қолжетімді.

Енгізілетін жаӊалықты ескерсек, БЖТ жаӊа салық емес, тек қана әлеуметтік қорғаудыӊ қарапайым түрі екенін де түсіну өте маӊызды.

Оныӊ үстіне тіркелуді, аударылымдарды жеӊілдету, салықтық салмақты азайту адамдарға әрі қарай дамуға қосымша оӊтайлы жағдайлар туғызады, сонымен бірге болашаққа деген сенімді қалыптастырады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны