25.01.2018, 18:00 4501

Бірыӊғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшылар мен алушыларға жыл сайын ақпарат беру науқанын бастады

Жеке зейнетақы шотыныӊ (ЖЗШ) жай-күйі туралы ақпарат тегін беріледі, ал алу тәсілін салымшы (алушы) өзі таӊдайды.

Алматы. 25 қаӊтар. Kazakhstan Today - "БЖЗҚ" АҚ 2018 жылдыӊ басына қарай салымшылар мен алушыларға жыл сайынғы міндетті ақпарат беру науқанын бастады.

Жеке зейнетақы шотыныӊ (ЖЗШ) жай-күйі туралы ақпарат тегін беріледі, ал алу тәсілін салымшы (алушы) өзі таӊдайды. ЖЗШ-дан үзінді-көшірмені мынадай тәсілдермен алуға болады:

- дәстүрлі пошта байланысы арқылы - жылына бір рет;

- электрондық пошта арқылы - үзінді-көшірме таӊдалған кесте бойынша (ай сайын, үш ай сайын, алты ай сайын, жыл сайын) жолданады;

- Қор кеӊсесіне тікелей өзі келгенде - шектеусіз түрде;

- интернет байланысы арқылы (сайт немесе смартфондар мен планшеттерге арналған "ENPF" ұялы қосымшасы арқылы) - онлайн тәртібінде -шектеусіз.

- ҚР электрондық үкіметі (www.egov.kz) сайтында электрондық цифрлық қолтаӊбаныӊ (ЭЦҚ) көмегімен "Илеуметтік қамтамасыз ету" - "Зейнетақымен қамтамасыз ету" - "Бірыӊғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысыныӊ (алушысыныӊ) зейнетақы жинақтарыныӊ (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру" бөлімі арқылы үзінді-көшірме алуға болады.

2017 жылды қорытындылай отырып айтар болсақ, хабарлау тәсілі ретінде "Жеке өзі келіп өтініш жасау" жолын таӊдағандар саны 2016 жылмен салыстырғанда 20 пайызға азайып, 2018 жылдыӊ 1 қаӊтарына қарай 2,2млн адамды құраса, "Пошта байланысы" тәсілін таӊдағандар саны өткен жылы 18 пайызға азайып, 2018 жылдыӊ 1 қаӊтарына қарай 1,8 млн адамды құрады.

Сонымен қатар 2017 жылы интернет байланысы тәсілін таӊдағандар саны 2016 жылмен салыстырғанда 33 пайызға артып, 2018 жылдыӊ 1 қаӊтарына қарай 3,9 млн адамды құрады. Ал үзінді-көшірмені электрондық пошта арқылы алуды таӊдағандар саны 2018 жылдыӊ 1 қаӊтарына қарай 0,8 млн адамға жетті. Бұл өткен жылдыӊ сәйкес кезеӊімен салыстырғанда 75 пайызға жоғары. Осылайша, ағымдағы жылдыӊ басына қарай үзінді-көшірмені электрондық жолмен алу тәсілін таӊдағандар саны 4,7 млн адамнан асты.

Үзінді-көшірмелер салымшылардыӊ (алушылардыӊ) ЖЗШ ашу туралы өтінішінде, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе хабарлау тәсілін өзгерту/белгілеу туралы келісімде көрсетілген мекенжайларға, электрондық пошталарға жолданады.Егер салымшы (алушы) мекенжайын өзгертсе және бұл туралы жыл соӊына дейін БЖЗҚ-ға хабарламаса, онда пошта байланысы арқылы 2017 жыл бойынша жіберілген үзінді-көшірме Қорға қайтып оралады. Бұл жағдайда БЖЗҚ қолданыстағы зейнетақы заӊнамасына сәйкес, келесі жылы үзінді-көшірмені оған жібермеуге құқылы. Сондай-ақ ағымдағы жылдыӊ 1 қаӊтарына қарай салымшыныӊ зейнетақы шотында қаржы болмаса немесе хабарлау тәсілі таӊдалмаған болса, БЖЗҚ оған өткен жыл бойынша зейнетақы шотыныӊ жай-күйі туралы ақпаратты жібермейді.

БЖЗҚ салымшыларға (алушыларға) Қордыӊ міндеттемелерді орындауына әсер ететін жеке деректемелерін өзектендіруге және/немесе ыӊғайлы, заманауи хабарлау тәсілін таӊдауға кеӊес береді. Мұны екі жолмен: Қор бөлімшесіне келгенде немесе онлайн тәртібінде Қор сайтыныӊ "Электрондық қызмет көрсету" бөлімі арқылы электрондық цифрлық қолтаӊбаныӊ көмегімен жасауға болады.

Интернет байланысын таӊдаған жағдайда жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірмені онлайн тәртібінде кез келген уақытта, кез келген жерде enpf.kz сайты немесе "ENPF" ұялы қосымшасы арқылы алуға болады. Бұл ретте салымшы үзінді-көшірме алу үшін кез келген кезеӊді (бір күннен бастап бірнеше жылға дейінгі аралық) таӊдай алады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда "ГНПФ" ЖЗҚ" АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігініӊ "Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті" ММ арқылы Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаӊтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасыныӊ Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеӊесіне берілді. Зейнетақы заӊнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарыныӊ жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

БЖЗҚ" АҚ баспасөз орталығы

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны