29.01.2009, 16:12 1839

Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке түзету енгізілуі мүмкін - Кәрім Мәсімов

Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке түзету енгізілуі мүмкін - Кәрім Мәсімов

Астана. 29 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке түзету енгізілуі мүмкін. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінде өткен кеңейтілген алқа мәжілісінде республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша жалпы ағымдарды ескере отырып біз кіріс және шығыс бөлігінде өз мүмкіндіктерімізді қайта қарау үшін парламентке келуіміз мүмкін", - деп мәлімдеді премьер-министр.

Премьер-министр бұған қоса ағымдағы жылдың бюджеттік қаржыландыру басымдықтарын айқындап берді.

"Ең біріншіден, жұмыссыздыққа жол бермеу, макроэкономикалық тұрақтандыру және әлеуметтік шығындарды қысқартпау. Адамдар осыған сенімді болуы керек, бұл - аса маңызды мәселе", - деді Кәрім Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны