09.06.2015, 11:11 3827

Бірінші вице-премьер Б.Сағынтаев моноқалаларды дамыту мәселелері бойынша кеӊес өткізді

Қазіргі уақытта республикамызда жалпы халық саны 1,5 млн адам болатын 27 моноқала бар

Астана. 09 Маусым. Kazakhstan Today - Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрініӊ Бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев моноқалаларды дамыту мәселелері бойынша селекторлық кеӊес өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазіргі уақытта республикамызда жалпы халық саны 1,5 млн адам болатын 27 моноқала бар, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

2012-2014 жылдары Моноқалаларды дамыту бағдарламасыныӊ іс-шараларын жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 48,4 млрд теӊге бөлінген. Ағымдағы жылдан бастап моноқалаларды дамыту 2020 жылға дейін Өӊірлерді дамытудыӊ бірыӊғай бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. Моноқалаларды дамытудыӊ Кешенді жоспарларына сәйкес республикалық бюджеттен 2015 жылға 16,6 млрд теӊге, жергілікті бюджеттен - 7,7 млрд теӊге бөлу қарастырылған.

Моноқалаларда ШОБ ынталандыру несиелер бойынша 10% дейін пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау, микронесиелер, сондай-ақ жаӊа өндірістер құруға 3 млн теӊгеге дейін бөлу түрінде мемлекеттік қолдау тетіктері жүзеге асырылады.

Аталған бағыт аясында республикалық бюджеттен 2013-2014 жылдары 8 175,5 млн теӊге бөлінген, 2015 жылы 2 979 млн теӊге қарастырылған.

Өткен жылдары 3 644,5 млн теӊге сомаға 1380 астам микронесие берілген, оған қоса еӊ көбі Степногорск (173), Ақсу (130), Екібастұз (112) және Кентау (126) қалаларында берілген. Жалпы 1 559,5 млн теӊге сомаға 346 жобаны субсидиялау мақұлданған. Мақұлданған жобалардыӊ еӊ көбі Ақсай (47), Екібастұз (23), Зыряновск (22) қалаларына тиесілі.

Тиімді шаралардыӊ бірі бизнес нысандарына инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізу болып табылады, ол жаӊадан бастаған кәсіпкерлердіӊ жеке бизнес ашудағы көптеген кедергілерін жояды.

Сонымен, 12 моноқаладағы кәсіпкерліктіӊ 22 нысанына 2013-2014 жылдары республикалық бюджеттен 1 055,2 млн теӊге бөлінген.

Моноқалалар Өӊірлерді дамыту бағдарламасы аясында жан басына шаққанда негізгі капиталға инвестицияларды, жаӊғыртылған желілер үлесін және орталық сумен жабдықтауға қолжетімділікті арттыру бойынша көрсеткіштер қарастырылған.

Атап айтқанда, Бағдарламаға сәйкес 26 мыӊға жуық тұрақты жұмыс орнын құрумен 1,1 трлн теӊге сомаға 48 "зәкірлі" инвестициялық жоба қарастырылған. Қазіргі уақытта осындай 16 инвестициялық жоба пайдалануға беріліп, 2,7 мыӊ жұмыс орны құрылды. Алайда, Шахтинск, Хромтау және Серебрянск қалаларындағы "зәкірлі" жобалар тұрып қалған. Ал, өӊірлерде пайдалануға берілген 16 жобаныӊ 6-уы 50%-ға ғана жүктелген.

Кеӊес қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев облыс әкімдеріне ағымдағы жылға қарастырылған сәйкес көрсеткіштерге жету және шағын және орта бизнесті қолдауға бөлінген қаражатты толық игеруді қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауды тапсырды. Бұдан өзге, моноқалаларда қала құраушы кәсіпорындардыӊ көмекші және қызмет көрсететін өндірістерді, тапсырыстарды орналастыруы мәселелерін зерделеу тапсырылды.

Оған қоса, Инвестициялар және даму министрлігіне жергілікті атқарушы органдармен пайдалануға берілген жобаларды толық жүктеуді қамтамасыз ету тапсырылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны