07.07.2011, 16:10 3016

Бірінші вице-премьер жаңа Отар өндірісі орталығының жұмысымен танысты

Отар өндірісі және мал шаруашылығындағы консалтинг орталығы "ҚазАгро" холдингінің еншілес компаниясы болып табылатын "Қазагромаркетинг" АҚ жанынан құрылып отыр.

Астана. 7 шілде. Kazakhstan Today - ҚР бірінші вице-премьері Өмірзақ Шүкеев жаңа Отар өндірісі және мал шаруашылығындағы консалтинг орталығы жұмысымен танысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі "ҚазАгро" ұлттық басқару холдингі" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Отар өндірісі және мал шаруашылығындағы консалтинг орталығы "ҚазАгро" холдингінің еншілес компаниясы болып табылатын "Қазагромаркетинг" АҚ жанынан құрылып отыр. Орталық мамандары мүйізді ірі қараны қолдан ұрықтандыру үшін арнайы құралдарды пайдалану жөнінде әңгімеледі. Аталмыш құрал көптеген шет мемлекеттерде тауарлық табынды асыл тұқымдандыру жұмысында кеңінен пайдаланылады. Сонымен қатар, мамандар ұрықтандырушы техниктарды дайындауға арналған интерактивті электрондық оқу құралдарымен де таныстырып өтті, деп көрсетілген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны