05.07.2008, 16:07 3067

Бірінші жарты жылдықта Павлодар облысының сыртқы сауда айналымы 60,5 пайызға ұлғайды

Бірінші жарты жылдықта Павлодар облысының сыртқы сауда айналымы 60,5 пайызға ұлғайды

Павлодар. 5 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Бірінші жартыжылдықта Павлодар облысының сыртқы сауда айналымы 60,5 пайызға ұлғайды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі облыстың кедендік бақылау департаментіне сілтеме жасай отырып.

"Павлодар облысының сыртқы сауда айналымы 2008 жылдың 6 айында $4 289,2 млн. құрады. Бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен 60,5 пайызға артық", - деп атап көрсетті департамент. Кеден қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, 2007 жылдың І жартыжылдығындағы сыртқы сауда айналымы $2 671,9 млн болған.

Атап айтқанда, экспорт 82,5% ұлғайып, $1990,6 млн құраса (2007 жылы - $1090,5 млн), импорт 45,3% ұлғайып, $2298,6 млн (2007 жылы - $1581,4 млн) тең болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны