11.07.2014, 20:21 3355

Бірқатар кәсіпкерлер өз кәсіпорындарында бақылау-кассалық машиналарды қолданудан босатылды

ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті бақылау-кассалық машиналарды (БКМ) қолданудың жаңа тәртібін енгізді.

Алматы. 11 шілде. Kazakhstan today. ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті бақылау-кассалық машиналарды (БКМ) қолданудың жаңа тәртібін енгізді.

Жанармай, дизельді отын, алкоголь өнімін көтерме және бөлшек өткізуді жүзеге асыратын салық төлеушілердің 2014 жылғы 1 шілдеден бастап мәліметтерді беру функциясы бар БКМ қолдануға міндеттелгені белгілі.

Осы ережеге сәйкес, аумағында жалпы қолдану коммуникацияларының желісі жоқ салық төлеушілер БКМ қолданудан босатылады. Бұл өзгерістер ҚР "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер" Кодексі бабының 1 тармағына енгізілді.

Сонымен қатар, егер салық төлеушілер мәліметтерді беру функциясы бар БКМ қолданса, онда БКМ болуы және қолдану мәселелері бойынша тақырыптық тексеріс жүргізілмейді. Бұл жаңа енгізілімдердің тағы бір жағымды жағы. Үстіміздегі жылдың 1 тоқсанында ірі салық төлеушілердің қатысуымен БКМ жаңа үлгілерін сынақтан өткізу мақсатында пилоттық жоба іске қосылғанын айта кету керек.

Сонымен бірге, ҚР ҚМ СК өкілдерінен, Техникалық ықзмет көрсету орталықтарының (ТҚКО), БКМ дистрибьюторларынан мәліметтерді беру функциясы бар БКМ жаңа үлгілерін қолдануға және оларға техникалық талаптарды бекітуге көшу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру бойынша жұмыс тобы құрылды.

Қазіргі уақытта тестілік сынақтар аяқталды, алынған нәтижелер базасында жаңа буын аппараттарына қойылатын Техникалық талаптар жобасы жасалды. Осы талаптарды бекіткен сәттен бастап дистрибьюторлар республика нарығына осындай БКМ тапсырысы мен жеткізілуін қамтамасыз етеді.

Осылайша, Қазақстан нарығына жаңа үлгідегі БКМ келіп түсу көлеміне қарай салық төлеушілер осындай қызметтер ұсынатын ТҚКО арқылы әрекеттегі тәртіп бойынша жаңа БКМ сатып алып, орната алады.

Сонымен бірге, кәсіпкерлік қоғамдастықтың алаңдаушылығы мен POS-терминалдарды енгізу тәжірибесін ескере отырып, қызметтің жоғарыда көрсетілген түрлерін жүзеге асырушы салық төлеушілердің мәліметтерді беру функциясы бар БКМ қолдану бойынша міндеттемелерінің мерзімін 2015 жылғы 1 шілдеге ауыстыру туралы шешім қабылданды.

"ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңының жобасында сәйкес түзетулер ескерілген. Түзетулерді жасаған ҚР Өңірлік даму министрлігі болды.

Сонымен қатар, салық төлеушілерге көмек көрсету мақсатында Жол картасы жасалуда. Онда БКМ сатып алудан бастап оларды салық органында тіркеу есебіне қойғанға дейінгі сәттер егжей-тегжейлі жазылатын болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны