31.07.2008, 19:18 6227

Бірқатар жер қойнауын пайдаланушылар өздерінің келісім-шарттарында салық тұрақтылығы режимін сақтап қалу үшін халықаралық сотқа жүгінуді көздеп отыр - Кәрбозов

Бірқатар жер қойнауын пайдаланушылар өздерінің келісім-шарттарында салық тұрақтылығы режимін сақтап қалу үшін халықаралық сотқа жүгінуді көздеп отыр - Кәрбозов

Астана. 31 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда жұмыс істейтін бірқатар жер қойнауын пайдаланушылар өздерінің келісім-шарттарында салық тұрақтылығы режимінің сақталуын және оларға экспорттық кедендік баж салығының таралуы жөніндегі шешімнің күшін жою үшін халықаралық сотқа жүгінуді көздеп отыр. Бұл туралы бүгін Кедендік бақылау комитетінде болған жиналыс барысында ведомство басшысы Қозы-Көрпеш Кәрбозов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Айта кетер бір жайт, ағымдағы жылдың 8 сәуірінде үкіметтің №328 қаулысынан кейін кедендік бақылау комитетіне жер қойнауын пайдаланушылардан 80 арыз келіп түсті. Олардың барлығы да келісім-шартта тұрақты салық режимін енгізуді талап етіп отыр. Егер олардың қалағанындай шешім қабылданбаса, олар сот органдарына және халықаралық сотқа жүгіну құқықтары бар екенін ескертіп отыр", - деді Қ. Кәрбозов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны