24.07.2020, 17:23 11540

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Үзінді көшірмелер бойынша қорытынды сомадағы алшақтықтар жөнінде түсініктеме берді

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Үзінді көшірмелер бойынша қорытынды сомадағы алшақтықтар жөнінде түсініктеме берді

Алматы. 24 шілде. Kazakhstan Today - Соңғы уақытта салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-ға "Электрондық үкімет" веб-порталы (egov.kz) арқылы "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшылары қаражаттарының түсімі мен қозғалысы туралы ақпарат беру" мемлекеттік қызметі аясында қалыптастырған құжат пен БЖЗҚ-дан немесе egov.kz веб-порталы арқылы "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы (инвестициялық табыс есебімен) ақпарат" мемлекеттік қызметі аясында алынған жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмеде көрсетілген зейнетақы жинағының қорытынды сомасындағы алшақтық себебін түсіндіріп беру туралы өтініш жасау жағдайлары көбейіп кетті. Осы құжаттардың табиғатын талдап көрейік.

Салымшының ақша қаражатының түсуі және қозғалысы бойынша үзінді көшірмеде жұмыс берушілер аударған зейнетақы жарналары және (немесе) өсімпұл (болған кезде) туралы мәліметтер есептелген инвестициялық табыс туралы деректі көрсетпей беріледі.

Өз кезегінде, БЖЗҚ беретін жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмеде зейнетақы жарналары және (немесе) өсімпұл (болған кезде) туралы мәліметтермен қоса есептелген инвестициялық табыс туралы да ақпарат көрсетіледі.

Бұл ретте салымшының ақша қаражатының түсімі мен қозғалысы туралы үзінді көшірменің "Жинақтаудың бүкіл кезеңі үшін жиынтығы" бағанында сұранысты қалыптастырған күнге дейін жұмыс берушілер аударған барлық зейнетақы жарналары және (немесе) өсімпұлдардың (бар болған жағдайда) жиынтық сомасы көрсетіледі.

Осылайша, екі үзінді көшірмені алып, олардың нәтижелерін салыстыра отырып, салымшылар (алушылар) инвестициялық кірістен құралған айырмашылықты көреді. Бұл ретте салымшының (алушының) жинақтаушы зейнетақы жүйесінде, оның ішінде БЖЗҚ-да болған барлық уақыты үшін есептелген инвестициялық табыс көрсетіледі.

Сонымен қатар, егер бұл үзінді көшірмелерде аударымдардың түрлі кезеңдері қамтылған болса, онда бұл айырмашылық екі үзінді көшірмеге де кірмей қалған кезеңде түскен аударымдар есебінен өседі және (немесе) азаяды.

БЖЗҚ өзінің салымшыларын (алушыларын) барлық зейнетақы жинақтары өздерінің жеке зейнетақы шоттарында толық көлемде сақталып тұрғанына сендіреді, оларды сіз жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмені қарау арқылы тексере аласыз.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда "ГНПФ" ЖЗҚ" АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің "Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті" ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны