Біржан Нұрымбетов Ақмола облысында "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында гранттарды беру бойынша жұмысты жандандыруды ұсынды.
Нұр-Сұлтан. 12 қараша. Kazakhstan Today - Біржан Нұрымбетов Ақмола облысында "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында гранттарды беру бойынша жұмысты жандандыруды ұсынды.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың Ақмола облысына жұмыс сапары аясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының қатысушыларымен кездесіп, халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлеріне бизнесті дамытуға гранттар беру бойынша жұмысты жандандыруды ұсынды. Сондай-ақ, ҚР Еңбекминінің басшысы "Нұр Отан" партиясының филиалында азаматтарды қабылдады. Өңір тұрғындарымен әңгіме барысында Біржан Нұрымбетов ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндірді.
Біржан Нұрымбетовтің аймақтағы бағдарламасы Зерендіден басталды, онда министр "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында грант және микрокредит алған жеке кәсіпкерлердің бизнестің дамуымен танысты. Мәдина Қостанованың шаштаразы мен Айжан Мұханжарованың кафесінде жағдайды көрген соң, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшысы әйелдерді кәсіпкерлік бастамаларының сәтті жүзеге асырылуымен құттықтады.
"Еңбек" мемлекеттік бағдарламасында микрокредиттер мен гранттар түрінде жаппай кәсіпкерлікті дамытудың жақсы құралдары бар. Сонымен қатар, ол "Бастау Бизнес" жобасының аясында кәсіпкерлік негіздері бойынша оқыту көзделген. Ақмола облысында биылғы жылы 2785 адам оқудан өтті, 1768 адам өздерінің бизнес жобаларын қорғады, олардың ішінде 846 адам жаңа бизнес идеяларын жүзеге асыру үшін шағын несиелер мен гранттар алды. Сіздің бизнесіңіздің сәтті дамып жатқанына және сіздердің отбасыларыңыздың материалдық жағдайларын жақсартып қана қоймай, ауылдастарыңызға жұмыс ұсынып жатқандарыңызға шын жүректен қуаныштымын", - деді Біржан Нұрымбетов іскер әйелдермен сұхбатында.
Сонымен бірге, Зеренді ауданының жұмыспен қамту орталығына барған кезде министр қызметкерлеріне Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын орындау, көпбалалы және табысы аз отбасыларды бизнеспен айналысуға тарту, оның ішінде "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша жұмысты жандандыруды ұсынды.
"Бұл үшін тетіктер бар. Ақмола облысында биыл 1 143 грант бөлуге қаражат бөлінді, олардың 782-і немесе 68,4%-ы ғана берілді. Жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу үшін микрокредиттер мен гранттар беру бойынша жұмысты жандандыру қажет деп санаймын", - деп атап өтті ҚР Еңбекминінің басшысы.
Көкшетауда Біржан Нұрымбетов "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінде қабылдау өткізді.
Ақмола облысына жұмыс сапары аясында Біржан Нұрымбетов өңірдің 40 жұмыс берушісімен кездесті. Кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларымен әңгіме барысында министр мемлекет, жұмыс берушілер мен жұмысшылар арасындағы әлеуметтік серіктестіктің маңыздылығын атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Біржан Нұрымбетов ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Атырау, Батыс Қазақстан, Түркістан, Ақтөбе және Павлодар облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында түсіндірді.
Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.
тақырып бойынша жаңалықтар
Машина жасау саласындағы өндіріс көлемі 23%-ға өсті
Кірістер бойынша жоспар 396 млрд теңгеге орындалмады. Бұл импортқа қосылған құн салығы, корпоративтік табыс салығы және шикі мұнайға экспорттық кеден бажы. Басты себептердің бірі - негізгі экспорттық тауарларға әлемдік бағаның төмендеу үрдісі. Мәселен, биылғы қаңтар-ақпанда металдардың бағасы орта есеппен 9,1%-ға төмендеген. Оның ішінде аллюминий 10,8%-ға, мырыш 24,1%-ға түскен", - деді М. Такиев.
Мемлекеттік аудит бойынша осы жылдың 2 айында 3,8 трлн теңгеден астам сомаға 142 мыңнан астам мемлекеттік сатып алу рәсімі камералдық бақылаумен қамтылды. Тексеру қорытындылары бойынша 18 240 рәсімде бұзушылықтар анықталды, оның ішінде мемлекеттік аудит объектілері бұзушылықтарды жою туралы хабарламалардың 91%-ын орындады", - деді Мәди Такиев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстан экономикасының өсуі 4,2%-ды құрады
Министрліктер мен өңірлердің бірінші басшылары Жоспарды сапалы әрі уақытылы іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдауға тиіс. Үкімет жұмыла жұмыс істеп, экономиканың барлық саласы тиімді үйлестіруі керек", - деді Олжас Бектенов.
Күріш, жұмыртқа, жемістер, сусындар, сары май және макарон өнімдерінің бағасы қымбаттаған. Көріп отырғанымыздай, бағасы өсіп кеткен позициялардың саны едәуір көп. Демек бұл орталық және жергілікті атқарушы органдар тарапынан қабылданып жатқан шаралардың жеткіліксіз екенін көрсетеді", - деді Үкімет басшысы.
Егер өңірлер жергілікті жерде инфляцияны төмендету бойынша қажетті шаралар қабылдамаса, тиісті шешім қабылдау үшін маған дереу баяндауыңызды сұраймын", - деді Олжас Бектенов.
Әкімдер делдалдық схемаларды анықтау жөніндегі өңірлік комиссиялар жұмысының тиімділігін арттыруға тиіс. Орталық және жергілікті атқарушы органдарға Инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі шаралар кешенін сапалы орындауды тапсырамын", - деді Премьер-Министр.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын жөндеу және реконструкциялау жөніндегі барлық іс-шара сапалы жүзеге асырылып, уақтылы аяқталуға тиіс. Бұл ретте сатып алу барысында отандық өндірушілерді қолдауға барынша басымдық берілуі қажет. Сондай-ақ әзірленіп жатқан Ұлттық инфрақұрылымдық жоспарда тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін нығайтуға бағытталған жобаларды көздеген жөн", - деді Үкімет басшысы.
Біз мемлекеттің экономикадағы үлесін 2025 жылдың соңына қарай Жалпы ішкі өнімнің 14%-ына дейін қысқартуға тиіспіз. Биыл Кешенді жекешелендіру жоспарын 90%-ға іске асыру қажет", - деді Олжас Бектенов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ҚТЖ Қытайдан тасымалдау географиясын кеңейтуде
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстан мұнай өндірісін ерікті қысқартуды ұзартады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Standard&Poor's Қазақстанның егеменді кредиттік рейтингін растады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ақпан айында Қазақстанда инфляция 9,3% құрады
Жылдық мәнде ақпан айының инфляциясы 9,3% құрады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Мобильді аударымдарды бақылау: қазақстандықтар қолма-қол ақшамен есеп жасау үлесі өсті
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
2024 жылдың қаңтар айында темір жолы арқылы Қытайға жөнелтілген экспорт көлемі бір млн тоннаны құрады
Қытаймен қатынаста ҚТЖ желісі бойынша жүк тасымалдау көлемі 2024 жылдың қаңтарында 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22% өсіп, 2,4 млн тоннаны құрады. Қытайға жүк экспорты өткен жылғы көрсеткіштен 43% асып, 1 млн тоннаны құрады. Бұл ретте темір рудасының экспорты 19%-ке, астық - 37%-ке, қара металдар - 2 есе, түсті металдар - 2,2 есе өсті. Сондай-ақ контейнерлерде экспортқа жүктерді тасымалдау 2,2 есе өсті", - деп көрсетілген хабарламада.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
19.03.2024, 12:29Жыл басынан бері Қазақстанда ӘМАТ үстемесін асыру және басқа да бұзушылықтар бойынша 380 әкімшілік іс қозғалды 19.03.2024, 12:34 4766Оңтүстік Кореяда жұмыс істейтін қазақстандықтардың құқықтарын қорғау бойынша өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды19.03.2024, 11:56 1766Алматыда нөсер жаңбыр жауады деп күтілуде19.03.2024, 12:38 1411Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы 77,1 млрд теңгені құраған
14.03.2024, 22:03 95001Астана қаласында су тасқынына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде14.03.2024, 22:00 94726Самұрық-Қазына президентке есеп берді14.03.2024, 21:57 91626Цифрлық даму министрлігі Қаржы мониторингі агенттігімен кездесу өткізді16.03.2024, 15:08 62536Семей қаласыда табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды14.03.2024, 21:54 59586Түркістан облысындағы су құрылыстарын реконструкциялау қарқынды жүргізілуде
06.03.2024, 20:30 119301Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында ШҚО-да мұзды ұсату жұмыстары жүргізілуде06.03.2024, 20:19 110081Үрімшіде Қазақстан мен Қытайдың туристік әлеуетін ілгерілету және туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында туристік форум өтті07.03.2024, 15:56 105466Қазақстан мен Сауд Арабиясы бірге жел электр станциясын салады06.03.2024, 20:08 105021Көлік министрлігі халықаралық жүк автотасымалдау нарығын алыпсатарлардан тазартуға ниетті07.03.2024, 13:23 104806Қазақстан тұтыну несиелерінің мөлшерлемесін төмендетуді жоспарлап отыр