11.07.2007, 15:55 3254

Бішкекте Қазақстан мен Қырғызстан бірлескен ферроқорытпа зауытын салу жөніндегі меморандумға қол қойылды

БІШКЕК. 11-шілде. Kazakhstan Today. Бішкекте өткен бизнес-форумда Қазақстан мен Қырғызстан бірлескен ферроқорытпа зауытын салу жөніндегі меморандумға қол қойылды. Құжатқа Қырғызстан Республикасының өнеркәсіп, энергетика және отын ресурстары министрі Игорь Чудинов пен ҚР Индустрия және сауда министрлігінің жанындағы минералды шикізатты кешенді өңдеу жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы Ибдірасыл Жарменов қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

И. Жарменовтың форумға қатысушыларға түсіндіруінше, зауыт 250 млн доллардың 200 мың тонна қорытпасын шығара алады. Кәсіпорында 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады. И. Жарменовтың айтуынша, зауыт көмір қалдықтарын пайдаланады.

Қырғызстан үкімет басшысы Алмазбек Атамбаевтың абспасөз мәслихатында берген түсініктемесіне сәйкес, кәсіпорынды салу үшін $100 млн қажет.

"Жоба жасау жұмыстары қазір жүргізіліп жатыр, құрылыс биыл басталып, келесі жылдың ортасында аяқталады", - деді премьер-министр.

Оның айтуынша, ферроқорытпа қауыты республиканың оңтүстігінде, Таш-Кумыр қаласында салынады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны