06.09.2016, 17:13 3606

Бішкектегі сауда миссиясына 26 қазақстандық кәсіпорын қатысуда

Жыл соӊына дейін сауда миссияларын өткізіп, отандық өнімді Ресейде, Иран,Украина, Тәжікстан мен Моӊғолияда таныстыру қарастырылған.

Астана. 6 қыркүйек. Kazakhstan Today - Бішкекте қазақстандық өндірушілердіӊ сауда миссиясы басталды, шараны ИДМ "KAZNEX INVEST" экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттік Қырғыз Республикасыныӊ сауда-өндірістік палатасымен бірлесіп ұйымдастырды.

Машина жасау, химия, қаптама жасау, астық және фармацевтика саласыныӊ 26 кәсіпорны Қырғызстанныӊ дистрибьютер және құрылыс компанияларымен келіссөздер өткізеді, деп хабарлады ұлттық агенттік.

Бұл "KAZNEX INVEST" Бішкекте өткізіп жатқан бесінші шара. Өткен шаралар нәтижесінде 28 млн долларға келісім шарттар жасалды. Оған 68 кәсіпорын қатысты.

2015 жылы Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналым 472 млн долларды құрады. 2014 жылмен салыстырғанда экспорт 29,8 пайызға қысқартылып, 495 млн долларды құрады.

Жыл соӊына дейін сауда миссияларын өткізіп, отандық өнімді Ресейде, Иран,Украина, Тәжікстан мен Моӊғолияда таныстыру қарастырылған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны