Биыл көлік инфрақұрылымын жаңғырту бойынша ауқымды жобалар іске асырылады - А. Мамин
Алматы. 21 сәуір. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері қаралды.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов және т.б. баяндама жасады.
2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында республикалық маңызы бар автожолдардың 100%-ын (21 мың шақырым жолды салу, реконструкциялау және жөндеу), облыстық және аудандық маңызы бар автожолдардың 95%-ын (27 мың шақырымын жөндеу) жақсы және қанағаттанарлық жағдайға келтіру жоспарланған. 112 инфрақұрылымдық жоба іске асырылады, 550 мың тұрақты және уақытша жұмыс орны құрылады.
Премьер-Министр биыл жалпы ұзындығы 4 мың шақырым болатын республикалық автожолдарды салу және реконструкциялау жұмыстарына 200 мыңнан астам қазақстандық тартылатынын атап өтті. Талдықорған - Өскемен, Қарағанды - Балқаш - Қапшағай, Қалбатау - Майқапшағай, Мерке - Бурылбайтал, Үшарал - Достық, Ақтөбе - Астрахань, Ұзынағаш - Отар, Петропавл - Ресей шекарасы, Қостанай - Денисовка сияқты учаскелерде 2,6 мың шақырым жолда қозғалыс ашылады.
"Биыл пайдалануға берілетін республикалық маңыздағы жолдар көлемі өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 4 есе артық. Жергілікті маңызы бар жолдар бойынша биыл 3,5 мың шақырым жол жөндеуден өткізіледі. Қазақстан тарихында бұрын-соңды мұндай ауқымда жұмыс жүргізілген жоқ, сондықтан біздің міндетіміз - оларды толығымен орындау. Барлық күшті жұмылдыру қажет", - деді А. Мамин.
Үкімет басшысы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне әкімдіктермен және "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-мен бірлесіп, осы жылы жоспарланған көлемнің уақытылы пайдалануға берілуін қамтамасыз етуді, реконструкцияланған 5,7 мың шақырым учаскелерде (Қапшағай - Талдықорған, Қызылорда - Шымкент - Тараз, Нұр-Сұлтан - Павлодар және т. б.) автомобиль жолдарында төлем жүйесін енгізу жұмысын аяқтауды тапсырды.
"Құрылыс маусымын мүмкіндігінше тиімді пайдалану қажет. Жекелеген елді мекендерде карантин режиміне байланысты енгізілген шектеулер жағдайында нысандарға жанар-жағармай, жол-құрылыс материалдары мен техникасын еш кедергісіз жеткізу үшін "жасыл дәліз" жұмысын қамтамасыз ету қажет", - деп А. Мамин, отандық құрылыс индустриясының қолда бар мүмкіндіктерін барынша пайдалануды тапсырды.
Премьер-Министр еліміздің транзиттік әлеуетін барынша пайдаланудың және оның артуына барлық көлік түрлерінің (авто- және темір жол көлігімен контейнерлерді тасымалдау, әуе жүк тасымалдары), сондай-ақ барлық негізгі операторлардың - ҚТЖ, ҚазАвтоЖол, Қазаэронавигацияның ықпал етуінің маңыздылығын атап өтті.
"Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне транзиттік ағымды қолдау және ынталандыру үшін қажетті шараларды қолға алуды тапсырамын", - деді А. Мамин.
Үкімет басшысы биыл мемлекеттік бағдарламада қарастырылған Шымкент әуежайының жолаушылар терминалының және Түркістандағы халықаралық әуежайдың құрылысын аяқтауды, сондай-ақ Өскемен, Үшарал және Үржар әуежайларын реконструкциялау жұмысын бастауды тапсырды.
"Темір жол көлігі саласында вагон паркін жаңарту және магистралдық темір жол желісінің тозуын төмендету бойынша, сондай-ақ су көлігі саласында кеме қатынасы шлюздеріне күрделі жөндеу жүргізу бойынша жаңғырту жұмыстарын жалғастыру қажет", - деді А. Мамин.
Үкімет басшысы биыл "Нұрлы жол" аясында іске асыру жоспарланған барлық іс-шаралар белгіленген мерзімде аяқталуы тиіс екенін айтты.
Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.
тақырып бойынша жаңалықтар
Бектенов ауыл шаруашылығындағы ең проблемалы мәселелерді атады
Фермерлер жақсы тұқымға қол жеткізу мүмкін еместігін айтып, шағымданады. Азық-түлік корпорациясы жинақталған қордан кемінде 200 мың тонна тұқымды мұқтаж фермерлерге тауарлық несие түрінде бөлуі керек. Біздегі климаттық жағдайларға төзімді, өзімізде шығарылатын тұқымдық қордың көлемін ұлғайту қажет. Сонымен қатар агротехнологиялық талаптардың сақталмауы да өнімнің көлемі мен сапасына кері әсерін тигізіп отыр. Ең алдымен, бұл - минералды тыңайтқыштардың, пестицидтер мен өсімдіктерді қорғайтын басқа да құралдардың қажетті мөлшерін қолдануға қатысты мәселе. Бізде тыңайтқыштарды қолдану деңгейі ғылыми қажеттіліктің небәрі 21%-ын ғана құрады", - деп атап өтті Үкімет басшысы.
Фермерлер өздеріне тиесілі субсидиялардың тым кешігіп төленетініне наразылық білдіруде. Өткен жылғы субсидиялар бойынша қарыз 160 млрд теңгеден асып кетті. Бұл қаражатты егіс жұмыстарына жаратуға болатын еді. Жеңілдікті дизель отынын үлестіру барысы да ерекше бақылауда болуға тиіс. Алыпсатарлыққа және қолдан тапшылық жасауға жол бермеу керек", - деп түйіндеді сөзін Премьер-Министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Шымкент мұнай өңдеу зауытында бүгін жоспарлы алдын алу жұмыстары басталды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Мобильді аударымдарды бақылау: Қаржы министрлігі кәсіпкерлер үшін жаңа критерий енгізуде
Қазір біз үшінші критерийді талқылап жатырмыз, сома 255 мың теңгеден жоғары. Біз банктермен жұмыс жасадық, адамдар мобильді аударымдарға қайта көшуде. Қаңтарда 75 мыңға жуық жеке кәсіпкер (ЖК) тіркелді, ақпанда 70 мыңға жуық. Яғни, заңдастыру және сол жерде болған адамдарды көлеңкеден шығару жұмыстары жүріп жатыр, біз бұл жұмысты жалғастырамыз", - деді министр.
Біз банктермен сөйлестік, қолма-қол ақша айналымы қайтадан төмендеп жатыр, адамдар мобильді аударымдарға қайта оралуда. Бұл тіркеу мәселесі. Үш ай және бір жылда 255 мың теңге ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен жоғары болса, ол тіркелуі керек. жеке кәсіпкер. Бұл заң", - деді Қаржы министрлігінің басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Машина жасау саласындағы өндіріс көлемі 23%-ға өсті
Кірістер бойынша жоспар 396 млрд теңгеге орындалмады. Бұл импортқа қосылған құн салығы, корпоративтік табыс салығы және шикі мұнайға экспорттық кеден бажы. Басты себептердің бірі - негізгі экспорттық тауарларға әлемдік бағаның төмендеу үрдісі. Мәселен, биылғы қаңтар-ақпанда металдардың бағасы орта есеппен 9,1%-ға төмендеген. Оның ішінде аллюминий 10,8%-ға, мырыш 24,1%-ға түскен", - деді М. Такиев.
Мемлекеттік аудит бойынша осы жылдың 2 айында 3,8 трлн теңгеден астам сомаға 142 мыңнан астам мемлекеттік сатып алу рәсімі камералдық бақылаумен қамтылды. Тексеру қорытындылары бойынша 18 240 рәсімде бұзушылықтар анықталды, оның ішінде мемлекеттік аудит объектілері бұзушылықтарды жою туралы хабарламалардың 91%-ын орындады", - деді Мәди Такиев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстан экономикасының өсуі 4,2%-ды құрады
Министрліктер мен өңірлердің бірінші басшылары Жоспарды сапалы әрі уақытылы іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдауға тиіс. Үкімет жұмыла жұмыс істеп, экономиканың барлық саласы тиімді үйлестіруі керек", - деді Олжас Бектенов.
Күріш, жұмыртқа, жемістер, сусындар, сары май және макарон өнімдерінің бағасы қымбаттаған. Көріп отырғанымыздай, бағасы өсіп кеткен позициялардың саны едәуір көп. Демек бұл орталық және жергілікті атқарушы органдар тарапынан қабылданып жатқан шаралардың жеткіліксіз екенін көрсетеді", - деді Үкімет басшысы.
Егер өңірлер жергілікті жерде инфляцияны төмендету бойынша қажетті шаралар қабылдамаса, тиісті шешім қабылдау үшін маған дереу баяндауыңызды сұраймын", - деді Олжас Бектенов.
Әкімдер делдалдық схемаларды анықтау жөніндегі өңірлік комиссиялар жұмысының тиімділігін арттыруға тиіс. Орталық және жергілікті атқарушы органдарға Инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі шаралар кешенін сапалы орындауды тапсырамын", - деді Премьер-Министр.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын жөндеу және реконструкциялау жөніндегі барлық іс-шара сапалы жүзеге асырылып, уақтылы аяқталуға тиіс. Бұл ретте сатып алу барысында отандық өндірушілерді қолдауға барынша басымдық берілуі қажет. Сондай-ақ әзірленіп жатқан Ұлттық инфрақұрылымдық жоспарда тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін нығайтуға бағытталған жобаларды көздеген жөн", - деді Үкімет басшысы.
Біз мемлекеттің экономикадағы үлесін 2025 жылдың соңына қарай Жалпы ішкі өнімнің 14%-ына дейін қысқартуға тиіспіз. Биыл Кешенді жекешелендіру жоспарын 90%-ға іске асыру қажет", - деді Олжас Бектенов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ҚТЖ Қытайдан тасымалдау географиясын кеңейтуде
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстан мұнай өндірісін ерікті қысқартуды ұзартады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Standard&Poor's Қазақстанның егеменді кредиттік рейтингін растады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
25.03.2024, 14:07ҚР Көлік министрлігінің басшысы Қытай тарапымен екі елдің көлік-логистикалық өзара іс-қимылын кеңейту мәселелерін талқылады 25.03.2024, 21:31 44771Қарым-қатынастың жаңа дәуірі: Астанада Кипрдің елшілігі ашылады26.03.2024, 18:15 40691Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы тағайындалды26.03.2024, 18:22 40426Батыс Қазақстанда уәкілетті экономикалық оператордың құқықтары қорғалды26.03.2024, 18:02 33131Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар дақылдардың егіс алқабы ұлғаяды - АШМ
20.03.2024, 21:43 129586Президент Алматыға жұмыс сапарымен келді06.03.2024, 20:30 120376Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында ШҚО-да мұзды ұсату жұмыстары жүргізілуде20.03.2024, 12:12 117041ҚМА қаржы пирамидаларын анықтау жөніндегі арнайы жобаны іске қосты20.03.2024, 12:19 116791Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы 24-25 сәуірде Астанада өтеді20.03.2024, 12:29 116791Қазақстанда бизнес үшін жаңа бірыңғай цифрлық жүйе құрылады