21.05.2020, 21:55 6706

Биылғы 4 айда елімізде құрылыс саласында 845 сараптама жасалды

Жалпы биыл алғашқы 4 айда 845 қорытынды берілсе, оның 110-ы - теріс қорытынды.

Алматы. 21 мамыр. Kazakhstan Today - Биылғы 4 айда елімізде құрылыс саласында 845 сараптама жасалды.

Құрылыс саласында сараптамалық қызметті автоматтандыру мақсатында 2015 жылдың 1 мамырынан бастап Бірыңғай кешенді ведомстводан тыс сараптама порталын әзірлеу арқылы құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін "бір терезе" қағидаты енгізілді. Ол салалық сараптамаларды (экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық) ведомстводан тыс бір кешенді сараптамаға біріктіруге және сараптама жүргізудің электрондық форматына көшуге мүмкіндік берді.

Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың бірыңғай порталын енгізгенге дейін тапсырыс берушіден жобалау-сметалық құжаттаманы сараптамаға қағаз түрінде ұсыну талап етілсе, қазір барлық рәсімдер тек электрондық форматта орындалады.

Сонымен қатар, Бірыңғай электрондық порталды енгізу арқылы сараптама беру мерзімі 285 күннен 45 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Сараптама жүргізу процесінің ашықтығы қамтамасыз етіліп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жойылды. Сараптама жүргізу сапасы артты.

Жалпы биыл алғашқы 4 айда 845 қорытынды берілсе, оның 110-ы - теріс қорытынды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны